Елбасы жастармен кездесті

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Республикалық жастары форумы өтті.
Форум жұмысына қатысу үшін арнайы келген Қазақстан Президенті, ең алдымен: «Жастарымыз бақытты болсын! Еліміздің болашағы сендер арқылы мықты болсын! Қазақстанымыз, еліміз мәңгілік болсын!» – деп ізгі тілегін жеткізді.20161201154732
Осыдан кейін Астана қалалық мәслихатының жас депутаты Асхат Оралов сөз алып, бүгінгі күн Қазақстан жастары үшін ерекше күн екендігін баса айтты.
«Бүгінгі форумның Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні аясында өткізілуі зор мәртебе. Әсіресе, осы айтулы шараға өзіңіздің тікелей келіп қатысуыңыз форумның маңызын одан ары асырып отыр. Бұл сіздің Қазақстан жастарына көрсеткен шексіз қамқорлығыңыз бен биік сеніміңіз деп білеміз. Биыл еліміз үшін ерекше мереке – ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Осы ширек ғасырдың ішінде өзіңіздің дана басшылығыңызбен еліміз толағай табыстарға қол жеткізді. Соның ішінде әсіресе жастарға бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктер беріліп, даңғыл жолдар ашылды. Осы орайда өзіңізге еліміздің бүкіл жастарының күні кеше ғана бүкіл ел болып қабылдаған Тәуелсіздік декларациясын жан-жақты қызу қолдайтындығын жеткізгім келеді», – деді ол. 20161201150119
Сонымен қатар ол форум жұмысына еліміздің білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мәдениет, спорт және қоғамның басқа да салаларынан шыққан ең белсенді жастары қатысып отырғанын айтты.
20161201125103
20161201134613
2016120114470520161201113437«Осы орайда форум делегаттары мен бүкіл ел жастары атынан  Сізге  еліміздің тәуелсіздігі жолында атқарып келе жатқан өлшеусіз еңбегіңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар бүгінгі ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесімен өзіңізді шын жүректен құттықтаймыз», – деді Оралов.  20161201134931
Қазақпарат
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓