«Астық индустриясында» – «ақылды» жүйелер

Қостанай облысында «ақылды» жүйелер сүт және ет фермаларында, құс фирмалары, кондитерлік фабрикаларда қолданылады. Осы ретте жергілікті шаруалар шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасатын болады. Сол себепті астықты аймаққа Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джованни Капаннели бастаған бір топ делегат келді. Олардың арасында ауыл шаруашылығы саласында зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген Мичиган мемлекеттік университетінің (АҚШ) профессоры Чен Джикуан, ІНЕ институтының (Нидерланды) профессоры Вим Бастиаанссен сияқты ғалымдар бар. Меймандар алдымен Қостанай ауданында орналасқан «Садчиковское» ЖШС базасына барды. Аталған серіктестік биыл «Ақылды сүт фермасы» жобасын қолға алған болатын.IMG_3961
IMG_3999
IMG_4019«Біз 2013 жылдан бастап ашытылған сүт өнімдерін өндірумен айналысып келеміз. Сүт цехы бір күнде 15000 литрге дейін сүт өнімдерін шығарады. Германиядан НАRTМАNN құрылғысын алдырып, өнімділікті арттырдық. Енді биыл шаруашылықты толықтай цифрландыру жүйесімен қамтамасыз етеміз. Алдағы уақытта «Смакстек» құрылғысы сатып алынады. Бұл арқылы әрбір ірі қара малдың (ІҚМ) жай-күйін «онлайн» режимде бақылауға мүмкіндік береді. Арнайы дабыл белгісі арқылы жануардың температурасы, қозғалыс белсенділігі туралы мәлімет түсіп отырады. Дәл сол сәтте сиырға қажетті жем-шөп, судың көлемі экранға шығады», – деп түсіндірді «Садчиковское» ЖШС директоры Сергей Фицнер. «Смакстек» құрылғысы алдағы 3 айда 30-40 аналық ІҚМ енгізіледі. Егер оңды нәтижеге қол жетіп жатса, құрылғыны 1000 аналық басқа қондыру жоспарда бар.IMG_4030
IMG_4045
IMG_4054
IMG_4107Қарабалық ауданында орналасқан «Астық индустриясы» агрохолдингі құрамына «Север-Агро Н» асыл тұқымды мал шаруашылығы комбинаты, «Терра» бордақылау алаңы, «Тоғызақ» астық өнімдері комбинаты және «Ақ-Бидай-Агро» фирмасы секілді бірқатар нысан кіреді. Бүгін агрохолдингтің алдағы жұмыс жоспары мен жетістіктері шетелдік ғалымдарға таныстырылды.IMG_4193
IMG_4118«Біздің облыста АӨК цифрландыру пилоттық жобасына қатысуға мүмкіндігі бар 20 кәсіпорын іріктеліп алынды. Солардың бірі «Астық индустриясы» агрохолдингі өз базасында бірнеше жаңашылдық ұсынды. Осыған орай тәжірибелерімен бөлісу үшін Италия, АҚШ, Франция, Ресей мемлекеттерінің ғалымдарын шақырдық. Дамыған елдердің жаңа технологияларын біздің өңірдің ауыл шаруашылығына пайдалансақ, өнімділік қуаты әлдеқайда артады», – деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.IMG_4248«Астық индустриясы» агрохолдингі бас директоры Дәулет Ахметқалиевтің сөзінше, Цифрландыру бағдарламасы бойынша қолға алынған жобалардың көмегі зор. «Жақында малдарды чиптеуді бастаймыз. Осы арқылы асыл тұқымды малдың ұрланбауын компьютерден қадағалап отыратын боламыз. Сондай-ақ, бордақылау алаңы да озық технология бойынша жабдықталатын болады. Мұндағы мал тәулігіне 700 грамм салмақ қосады. Қолдағы малдың 20 пайызы осы бордақылау алаңында, қажетті салмақ алынғаннан кейін оларды ауыстырып отырамыз, осылай үдеріс жалғаса беретін болады. Жалпы, ешқандай қоспасыз табиғи жем берілетін малдан алынатын ет сапасы да жоғары болады», – деді Д.Ахметқалиев.IMG_4206Бүгінде «Терра» бордақылау алаңында 8 мың ірі қара жемделеді. Компания облыстағы ет кластерінің қалыптасуына үлес қосып отыр. «Север-Агро Н» шаруашылығы 3500 ет бағытындағы және 2800 сүт бағытындағы асыл тұқымды мал өсіреді. Ал «Ақ-Бидай-Агро» агрофирмасы 3-4 ауданда 85 мың гектар алқапқа бұршақ, майлы дақылдар өсірумен айналысады. Олардың ішкі және сыртқы нарықта жоғары сұранысқа ие өнімі Қарабалық ауданында өңделеді.
 
Қасқырбай Қойшыманов,
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓