ҚР Тұңғыш Президенті күнін атап өтті

Қостанайдағы "Мирас" мәдениет үйінде ҚР Тұңғыш Президенті күнін атап өтті. Салтанатты іс-шараға Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов қатысып, шаһардың шынайы жанашырларын мерекелік медальдармен марапаттады. 
Қонақтарды кіреберістен-ақ өнерпаздар ән сала қарсы алып, мерекелік көңіл-күй асқақтап тұрды. Бұдан өзге Елбасының өнегелі өмір жолынан сыр шертетін шағын көрме мен мұндалап, келушілердің назарына ұсынылды. Шара шаһар басшысының құттықтауымен басталды. uN_eEpCnFkI-Тәуелсіз Қазақстанда тұратын әр адамның өмірі Елбасымен байланысты деуге болады. Мұнда тұратын сан мың ұлттың басын бір шаңыраққа біріктіріп, бірлік пен татулықтың ұйытқысы қылды. Бүгіндері, сөзсіз, көптеген мемлекет біздің мызғымас бірлігімізге қызыға қарайды. Бұдан өзге Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің экономикалық дамуының даңғыл жолын айқын көрсетіп берді. "Қазақстан-2030", "Қазақстан-2050" стратегиялары, "Ұлт жоспары "100 нақты қадам" және түрлі мемлекеттік бағдарламалар Қазақстанның әлемдегі озық отыз елдің қатарына енуіне деген зор серпіліс. Қазірдің өзінде еліміз әлемдік нарықта өзіндік орнын тауып, ел ішіндегі шағын бизнестің көзін ашып отыр. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанда барлық жағдай жасалған. Біздің қаламызда салынып жатқан тұрғын үйлер мен жүзеге асып жатқан инвестициялық жобалар және өндіріс ошақтары осының дәлелі,-дейді Б.Жақыпов. D9zh0JqS3H8
 
0_15a5d2_94347f4f_LДәл осы күні Қостанайдың 13 азаматы ерен еңбектері үшін марапатталды. Оның төртеуі облыстың 80 жылдығына арналған медальді төсіне тақса, қалғандары қала әкімінің мақтау қағаздарына ие болды.
ҚР Тұңғыш Президентіне арналған іс-шара жергілікті өнерпаздардың концертімен жалғасты. 
j54iyMUSlX8
 
0_15a5d7_ef03cff2_L
Кенже Қонысбай.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓