Армысың, ардагер!

IMG_8784ҰОС-ның ардагері Иван Карапыш 95 жасқа толды. Осынау ерекше күні Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі мен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұжымы  мерейтой иесін арнайы құттықтап, сый-сияпат жасады.
Бір көрген жан Иван Карапышты 95 жас-та деп айта алмас. Себебі, ақсақалдың жүрісі тың, сөйлеген сөзі де мағыналы. Кеу-десін  тік  ұстаған  қалпы көп алдында қасқайып тұрғаны.
Тоқсанның бесеуін еңсерген ақсақал сонау 1940 жылы әскер қатарына шақырылған. II Укарина майданында танк экипажының радисті болды. Ұрыс даласында жараланып, госпитальға түскен кездері қаншама. Иван Карапыш жауынгерлік шеберлігі және ерлігі үшін I дәрежелі Отан соғысы орденімен, III дәрежелі Даңқ орденімен және Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалімен, өзге де мерейтойлық мадальдармен наградталған.
Кейіпкеріміз соғыс аяқталып, заман түзелген уақытта ауылда мұғалім болып қызмет етті. Қарасу аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі және жетіжылдық мектептің директоры болды. Өмірінің 35 жылын аудандағы темір жол құрылысына арнады. Сол уақыттары Қарасу ауданында 350 шақырымдық темір жол салынған еді. Ардагердің "СССР-дың Құрметті теміржолшысы", "Қарасу ауданының Құрметті азаматы" деген атақтары тағы бар. Бүгінде ардагер шығармашылықпен айналысады. Ол "Судьба моя – дороги" деген кітаптың авторы.
– Мен артымнан ерген ұрпақпен мақтанамын. Мынадай бейбіт заманда татулығы жарасқан елімізде ғұмыр кешіп жатқаныма ризамын. Жасым келсе де жалғыз емес-пін. Себебі, мені ұмытпай, елеп ескеретін жанашыр жандар, сіздер барсыздар,– деді соғыс және еңбек ардагері Иван Карапыш.
Қымбат
        ДОСЖАНОВА
Суретте: облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Укин мерейтой иесін  құттықтауда.
Суретті түсірген Б.АХМЕТБЕКОВ.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓