Жұлдызды күндер аясында

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай елімізде өтіп жатқан республикалық "25 жұлдызды күн" акциясы аясында Арқалық қалалық ішкі істер басқармасында кәмлеттік жасқа толған азаматтардың жеке куәліктері салтанатты түрде тапсырылды.Салтанатты шарада қалалық ішкі істер басқармасының басшысы Төрехан Жанқылышев құттықтау сөз сөйлеп, жастарға жеке куәліктерімен қоса ескерткіш сыйлықтар табыс етті.арка
Мұндай құрметке қала мектептері мен колледждерінің шәкірттері Заманбек Нұрмағанбетов, Татьяна Павлова, Жандос Мұхамедуали, Альбина Жұматай, Әйгерім Кикимова, Ақбота Оңай, Диар Қабдрахманов, Есімсері Уахит ие болды.
Сондай – ақ, қалалық "Жігер" стадионында Н. Құлжанова атындағыТорғай гуманитарлық колледжінің "Дене тәрбиесі және спорт" мамандығы оқытушыларының ұйымдастыруымен "Садақ ату", Теңге алу", "Асық ойыны", "Арқан тарту", "Өгіз тартыс" сынды қазақтың ұлттық ойындарынан спорттық сайыстар ұйымдастырылды.арк
Салтанатты шақта еліміздің әнұраны асқақтап, колледж директоры Сандуғаш Алматова жылы лебізін жеткізді.
Командалар арасында тартысты өткен жарыстардың нәтижесінде Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері жеңіске жетті.
 
МұратЖүнісұлы,
Арқалық қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓