Тәртіп сақшылары марапатталды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай Қостанай облысы ІІД ішкі істер органының 215 қызметкері мен ардагерлері марапатталды. Бұл күні тәртіп сақшылары медальдар мен мерзімінен бұрын шендер тапсырылды. ІІД басшысы Бекет Аймағамбетов өз баяндамасында мерекенің маңызын атап өтті.
-Мемлекет басшысының Қазақстанның саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуындағы рөлі баға жеткісіз, оның басшылығымен ауқымды экономикалық, саяси, және әлеуметтік реформалар жүзеге асты. Тұңғыш Президент барша қазақстандықтар мен әлемдік қауымдастықты мойындатқан ғаламдық бастамалардың авторы болды»,-деді ол.
ҚР Ішкі істер министрлінің грамотасы ІІД жедел-криминалистік басқармасының тәжірибелі қызметкері Айдос Күзембаевқа табыс етілді. Сондай-ақ, қызметкерлермен қатар ішкі істер органдарының зейнеткерлері Александр Сивирин, Бүркіт Нұрмағамбетов және Меңсұлу Тоғасбаева да марапатталды.
Қазақпарат