Тіл – тұғыр

«25 жұлдызды күн» акциясы шеңберінде іс-шаралар тізбегі жалғасын тауып отыр. Н.Островский атындағы қалалық кітапханада «Адам. Қоғам. Тіл» тақырыбында еркін сұхбат ұйымдастырылды. Бұл отырысқа Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының мониторинг және ономастика бөлімінің басшысы Жарасхан Наурызбаев, философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Жақып, «Жас Отан» ЖҚ маманы Нұрсұлу Назымова және Қостанай политехникалық колледж студенттері мен ҚМПИ-нің студенттері қатысты.IMG_7977
Кітапхана қызметкері Ботагөз  Дүйсембаеваның айтуынша,  бүгінгідей шаралар жастардың арасындағы ұлтжандылық, білгірлік қасиеттерін арттыруға көмектеседі.
– Қазақ тілі, әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші орында. Ал тіл байлығымен көркемдігі жағынан алғашқы ондықтар  қатарында тұр. Тіл материалдық және рухани құндылықтарымызды сақтаудың ең мықты құралы. Мұны жастар жақсы біледі. Дегенмен, қазір үш тілді меңгерсе, бәріміз көздеген «Мәңгілік елдің» іргетасын қалауға септігін тигізе алады. Біз сол үшін де жұмыс істеп жатырмыз, – деді ол.  IMG_7981
 Қалқаман Жақып Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтай келе,  бүгінгі заман талабына сай «Үш тұғырлы тіл» саясатының маңызына тоқталды. Мұнан соң жиылғандардың назарына кітапхана ұжымы түсірген бейнебаян ұсынылды. Кеш жүргізушісі жастарға арнап викториналық сұрақтар қойды.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓