Ұрыны ізі ұстап берді
Әулиекөл ауылының 46 жастағы тұрғыны ұйқыдан тұра сала ауласындағы «ВАЗ-21093» маркалы көлігінің 4 дөңгелегі ұрланғанын көреді. Шақырысымен келген полицейлерге қылмыскерді дереу тауып беруге қарда қалған ізі көмектесті.
Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, ұры көлікте дабылдағыштың болмағанын пайдаланып, еш кедергісіз 4 дөңгелекті шешіп алған. Алайда ол жым түсіп үлгермеген қарға із қалдырмауды жоспарламаған болса керек. Суып үлгермеген табан ізі тәртіп сақшыларын ұрының үйіне адастырмай алып барды.
Ол 27 жастағы жұмысы жоқ жергілікті тұрғын болып шықты. ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.