Орталық Азияның ең ірі көпірінен өтті

Қостанайда шығарылған JAC маркалы электромобильдер шеруі Ертіс өзенінде орналасқан Орталық Азияның ең ірі көпір өткелінен жүріп өтті.20161215123755Көпірдің ашылу рәсімі 14 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өтті. Көпір ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен салынды және бұл «Нұрлы жол» – «Орталық-Шығыс» көліктік дәлізі бағдарламасының бөлігі. Мерекелік ашылу рәсімі аясында заманауи көпірден алғаш рет қазақстандық автоөндіріс драйверлері – қостанайлық зауытта өндірілген электромобильдер мен автомобильдер – JAC iEV5, JAC iEV5S, JAC i3, SsangYong, JAC S3, JAC S5 кроссоверлері, седан Peugeot 301 және IVECO Daily коммерциялық техникасы жүріп өтті.
Еске сала кетсек, 6 желтоқсан күні Жалпыұлттық телекөпір барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың электромобильге ауысуын армандайтынын айтқан еді.
«Қазір Қостанайда электромобильдер шығарылып жатыр. Мен барша Қазақстанның электромобиль мінгенін армандаймын. Оның бағасы қолжетімді болады, әсіресе, ауасы ластанған Алматы, Өскемен тұрғындарының мінгені дұрыс. Егер толықтай электромобильге ауыстырар болсақ, онда біздің ауамыз тазарып, бірнеше есе үнем жасайтын едік. Біз осыған жақындап келеміз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
 
Қазақпарат

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓