Облыс әкімі жұмысшыларды марапаттауды ұсынды
Еліміздің барлық өңірлерінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар өтіп жатыр. Жуырда Қостанай облысында «Тәуелсіздіктің жиырма бес шыңы 25 жұлдызды күн» акциясы бастау алды. «Нұр Отан» партиясы ҚОФ-ның XXIII есеп беру-сайлау конференциясына қатысқан Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтуге шақырды. Соның ішінде жұмысшыларды марапаттап, ынталандыру керектігін ұсынды. Ақшалай сыйақы немесе өзге де марапат түрін жұмыс беруші өзі шешеді.
-Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы ұлық мерекелердің бірі. Осы аталған мерейтойға орай көптеген шаралар өтіп жатыр. Облыста «25 жұлдызды күн» акциясы бойынша іс-шаралар өткізуді бастадық. Қазір барлық қалалар мен аудандарда, соның ішінде облыс орталығы Қостанай қаласында көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Сондай іс-шаралар көзбояушылық үшін не болмаса есеп беру мақсатында өтпеуі керек. Маңызды, мәнді болсын. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Қазақстан халқы үшін аса құнды мереке. Бұл күні қызметкерлерді ынталандырып, марапаттау керек,-деді облыс әкімі А.Мұхамбетов.

Қ.Досжанова
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ