Бос орын – бос үміт
Лисаков қаласында өткен бос орындар жәрмеңкесіне қатысуға 15 жұмыс беруші келіскен. Бірақ жартысынан көбі төбе көрсетпеді. Салдарынан үміт жетегінде келген 80 лисаковтықтың небары үшеуіне ғана жұмыс табылған. Ал қалалық жұмыспен қамту орталығының тізімінде бар болғаны 203 жұмыссыз тұр. Алайда кәсіпорындар көп жағдайда жоғары санатты мамандарды қажетсінеді.