«Нұр Отанның» ҚОФ-ның есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының XXIII есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония залында болған маңызды басқосуға аудан, қалалардың әкімдері, басқарма басшылары қатысты. Жиынға «Нұр Отан» партиясының Үкіметтегі өкілі Төрехан Қосжанов арнайы келіп, делегаттарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.IMG_7890Соңғы екі жылда партияның Қостанай облыстық филиалы Елбасының тапсырмалары бойынша белсенді жұмыс істеді. Мәселен, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 650 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасты. Соның ішінде 249 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. 586 инфрақұрылым нысандары мүгедектердің мүмкіндіктеріне сай бейімделіп, объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 257 рейд ұйымдастырылды.IMG_7855«Бақытты балалық шақ» жобасы аясында партия филиалы өңірдегі ірі компаниялар және жеке кәсіпорындармен меморандумға қол қойып, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жұмысқа орналастыру мәселесін шешті. Бірлескен келіссөздердің арқасында Қостанай, Рудный қалалары мен Денисов, қарабалық, Сарыкөл, Федоров аудандарында жалпы саны 28 жетім бала жұмыспен қамтылды. Партия бастамасымен жетім балаларға арналған 136 салым ашылды. Бұл көрсеткіш республикалық деңгейде ең жоғары болып саналады.IMG_7847Мектеп бітіруші түлектерді жұмыспен қамту туралы Елбасының тапсырмасын орындау үшін партияның облыстық филиалы білім басқармасымен бірлесе іске кірісті. ҰБТ тапсыруда шекті деңгейден өте алмаған 311 түлекті жұмысқа орналастыруға жәрдемдесті. 1700 түлектің өмір жолын дұрыс таңдауына көмек көрсетті.-Елбасы, партия төрағасы біздің басты міндетіміз  елдің даму жолындағы негізгі шарттардың бірі ретінде партияның сайлауалды бағдарламасы екенін атап көрсетті. Әлемде болып жатқан өзгерістер біздің өз бағдарламамызға  шұғыл түрде түзетулер енгізіп, қайта қарауды талап етіп отыр. «Нұрлы жол» – жаңа экономикалық саясат, жуықарадағы экономикалық өсуді алға қоюшы күш. Партия төрағасының тапсырмасы бойынша сайлауалды бағдарлама күн тәртібіне сәйкес жаңа мазмұн алып отыр. Біз, партиялықтар елбасы белгілеген жауапты жұмыстарға тікелей қатынасуымыз қажет және бұл бізге зор сынақ болайын деп отыр,-деді облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасы Архимед Мұхамбетов.
Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері халық пен мемлекеттік органдардың арасындағы алтын көпір іспеттес. Биылғы жылы партияның қабылдау бөлмелеріне 11,5 мың азамат жүгінді. Өтініштердің 22,2, пайызы оң шешімін тапты. Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі партияның облыстық филиалымен және Федоров ауданы әкімдігімен бірлесе Пешков ауылында көшпелі қабылдау өткізді. Қостанай облысында алғаш рет ұйымдастырылған мұндай қабылдауға барлығы 300-ден астам азамат қатысты.IMG_7866-Облыстық партия ұйымы өзінің алдында тұрған міндеттерді орындау үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Біздің әрқайсымыздың борышымыз –  партия Көшбасшысы, ұлт Көшбасшысының төңірегіне тығыз топтасу. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық. Міне, біздің табыстарымыздың негізі және біздің мақсаттарымызға жетудің айқын жолы осы құндылықтар,-деді «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Ғазиз Бекмұхамедов.IMG_7888Маңызды конференцияда партияның Жітіқара аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Абай Ибраев, Денисов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айгүл Бектемісова, партиясының Қостанай облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының жетекшісі Екатерина Смышляева, Федоров аудандық филиалы №4 бастауыш пария ұйымының мүшесі Дмитрий Ромащенко, „Соколов – Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі„ акционерлік қоғамы аудандық филиалы „Жентік шығару фабрикасы„, бастауыш партия ұйымының төрағасы Руслан Исмұхамбетов сөз сөйледі. Іс-шара барысында облыстық филиалдың Саяси кеңесінің жаңа құрамы сайланды. Сонымен қатар, «Үздік бастауыш партия ұйымдары» республикалық байқауының облыстық кезеңінде жеңіске жеткендер марапатталды.

Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓