Жаңарған мектеп

Қостанай қаласындағы №14 негізгі орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген соң оқушылар мен ұстаздарға есігін қайтара ашты деп айтуға болады.   Мектеп іші жап-жарық, кең. Іші-сырты мұнтаздай. Мектепке көп жылдардан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген еді.  Осы жөндеу жұмыстардың барлығына 386 млн. теңге жұмсалды. Оны «Елена Д» ЖШС атқарды. Міне, осы күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін мектепте салтанатты ашық есік күні болып өтті. Оған Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов қатысты. IMG_7907Қала әкімі құттықтау сөзін айтып, игі тілегін білдірді. Сый-кәде ретінде мектепке Қостанай қаласының әкімі Б.Жақыпов  музыкалық орталықты сатып алуға қомақты қаржының сертификатын тапсырды.IMG_7922-Әрине, оқушылар мен ұстаздарымыздың осындай жаңарған, қайтадан жөндеу жұмыстары жүргізілген мектепте білім алу-қай-қайсысыларыңызға болмасын қуанышты. Мектептің мұражайын аралғанда көзім түсті, мектептеріңізден Мизанбаев, Телятников сынды генерал-майорлар шығыпты, сондай азаматтар білім алған мектепьтің оқушылары жаман болмасы анық. Сапалы білім мен саналы білім алған оқушыларымыз ертең еліміздің тірегі болары сөзсіз,-деді қала  әкімі Базыл Жақыпов.
Салтанатты жиын барысында«Елена Д» ЖШС бас мердігері И. Марер, мектеп директоры Г.Михайленко, №24 «а» бастауыш мектебінің директоры С. Кәрімова сөз сөйлеп, рахметтерін, алғыстарын айтты,  жылы лебіздерін білдірді.IMG_7960
IMG_7895«Елена Д» ЖШС бас мердігері И. Марер мектепке құр қол келмепті,  мектептің асханасына арналған құрал-жабықтарды сатып алу үшін бес жүз мың теңгенің сертификатынсыйға тартты. Салтанат соңында оқушылар мен ұстаздар қала әкімімен естелікке суретке түсті.IMG_7970
IMG_7939
 
Гүлназым САҒИТОВА
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓