ЖАЛТ ЕТКЕН ЖАСЫН-ҒҰМЫР

Қостанайлықтар полиция сержанты Дархан Базарбаевты бақилық сапарға шығарып салды. Өмірінің соңына дейін антына адал болып, бетпе-бет келген ажалдан қаймықпаған ержүрек ұлмен қоштасу рәсімі марқұмның туған жері Әулиекөл ауданына қарасты Лаврентьев ауылында өтті. IMG_3806
IMG_3967
IMG_4039
IMG_3872
IMG_4088
Қаралы жиында Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Дарханның ата-анасы мен туыстарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты.
– Өкінішке орай, тәуелсіздік жылдары қызметтік борышын атқару барысында 791 полиция қызметкері мерт болды. Дарханның мезгілсіз қазасы сіздерге ғана емес, ел тыныштығын ойлаған барша халыққа ортақ қайғы. Ішкі істер министрлігі алдағы уақытта марқұмның отбасына қолдау көрсететін болады. Бейбіт өмір күзетінде нағыз ерліктің үлгісін көрсеткен  Дархан Базарбаевтың есімі Қазақстан полициясының тарихында мәңгі қалады, – деді министр орынбасары.IMG_4004
ІІО Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбековтың:  
 – Құрметті Серік бауырым, Ләззат, Мөлдір! Құрметті жерлестер! Кеше ғана ортамызда жүріп, қылмысқа қарсы күресіп, қоғамдық тәртіпті нығайтуға үлес қосып жүрген, антына берік ұлымыз қылмыскердің қолынан қаза тауып, өмірден озды. Серік, айналайын! Өсірдің, бақтың, қақтың. Біздің қатарымызға қызметке келді. Бұл орны толмас қайғы! Біз – Министрден бастап, бүкіл Ішкі істер органдарының құрамы сіздердің қайғыларыңа ортақпыз. Дарқан баламыздың батырлығы  мен жарқын бейнесі мәңгілік  есте қалады! – деп егіле сөйлеген сөзі қабырғасы қайысқан қаралы көпшілікті тебірентіп өтті.IMG_3848
IMG_3881Қаралы митингте сөз алған облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк  Дарханның есімін жерлестері ешқашан ұмытпайтынын айтты.
– Дархан өте жас кетті. Артында талай арманы орындалмай қалды. Ата-анасы, аяулы жары, кішкентай ұлы қалды.  Орны толмас қаза барлығымыздың қабырғамызды қайыстырып кетті. Дарқанның отбасы енді біздің қамқорлығымызда болады, – деді облыстық полиция департаментінің басшысы Бекет Айтмағамбетов.IMG_3867
IMG_4033IMG_4045Жиын аяқталған соң қаралы көш батыр ұлдың мәйітін кіндік қаны тамған туған жері – Лаврентьев ауылындағы қорымға қойды.IMG_3996
IMG_4172
IMG_4158Естеріңізге сала кетейік,  полиция сержанты Дархан Базарбаев қаңтардың 19-ына қараған түні қызметтік борышын атқарып жүріп, өз отбасын өлтірмек болған қаскөйдің қолынан мерт болды. Ащы суға сылқия тойып алған  28 жастағы Тобыл қаласының тұрғыны өз үйінде жанжал шығарып, отбасы мүшелерін пышақтап тастамақшы болады.  Пышақ алып шығу үшін үйіне кіргенде, туыстары оны сыртынан құлыптап, полиция шақырған. Құрамында Дархан Базарбаев пен Амангелді Сыздықов бар патруль жасағы оқиға орнына 6 минут ішінде жетеді.
Қаскүнемді ұстау барысында полиция сержанты Дархан Базарбаев жүрек тұсынан пышақ жарақатын алады. Бірақ қылмыскердің суық қаруын тартып алып, қолына кісен салып, отбасын ажалдан құтқарып үлгереді. Ол өзінің жаралы екенін кейін бірақ біледі. Бір отбасын ажалдан құтқарып қалған сержанттың өзі сол жерде көз жұмады. Дереу жеткен жедел жәрдем қызметі де оның өміріне араша тұра алмады. Артында 4 айлық ұлы қалды.IMG_4141
Дархан Базарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды.
Нұрқанат Құлабаев
            Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓