Суырар сөздің қылышын
Қалалық «Мирас» мәдениет үйінде белгілі қаламгер, сатирик Ғұмар Ахметчиннің 75 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеші өтті. Ғұмар Ғарифұлы өңірімізге ғана емес, республикаға танымал жазушы. Қазақстан Жазушылар одағы Қостанай облыстық филиалының директоры. Бірнеше сатиралық кітаптардың авторы.
Бұл шығармашылық кеште облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің құттықтау сөзін орынбасары Марат Жүндібаев оқып беріп, қазақи дәстүрмен мерейтой иесіне шапан жапты. Облыстық филармонияның көркемөнерпаздары ән айтып, күй орындап, театр әртістері Ғұмар Ғарифұлының шығармаларынан қысқа қойылым қойып, жиналған жұртты риза етті.






Нұрболат МЕШІТБАЕВ
Суретті түсірген Айбек Жүзбай