«Жомарт жүрек» иесін тапты

«ССКӨБ» АҚ еліміздің Қоғамдық даму министрлігі бекіткен «Жомарт жүрек» республикалық жобасының «Жылдың үздік ұйымы» аталымында жеңімпаз атанды. Марапат әлеуметтік маңызды жобаларды тиімді жүзеге асырып, қайырымдылық қызметтің жаңа формаларын енгізгені үшін берілген.index4
Кен алыбының биыл қолға алған әлеуметтік акцияларының арасында ең ірі үшеуін атап айтуға болады. Біріншісі – Рудный қаласы мен Қашар кентін орталықтандырылған жылумен қамту. Бұл жобаға бірлестік 800 млн теңге жұмсады. Нәтижесінде өткен жылғы жылу маусымында температуралық режим қатаң сақталып, жабдықтардың жұмысында ақау, жоспардан тыс тоқтап қалулар болған жоқ.
Маңыздылығы жөнінен екіншісі – скейт-аттракциондар. Ауданы 800 шаршы метр және құны 30 млн. теңгелік жаңа құрылысқа памп-трек пен скейт саябағы кіреді. Енді рудныйлық BMX райдерлерінің, скейтерлер мен роликте сырғанаудың фанаттары үшін уақытын тиімді өткізетін жер бар.
Кеншілер іске асырған тағы бір жоба – Рудныйлық №2 гимназия мен №1 Қашар орта мектебіндегі STEM-зертханалар. ERG мен Қостанай облысы әкімдігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумның аясында техникалық жаңашылдықты сатып алуға 7,5 миллион теңге жұмсалды. Жабдықтардың тізімінде роботтардың бірнеше жинағы, ЛЕГО конструкторлары, 3D-принтер, құралдар мен 10 ноутбук бар.
– Рудныйды тұрғындар үшін тартымды және заманауи қала ету бізге маңызды. Біз кіші осы мекендегі барлық бастамаларды қолдап, алдағы уақытта да Еуразиялық Топтың «Туған жер – Родный города» жобасының аясында аймақтың әлеуметтік саласының дамуына барынша көмектесе беретін боламыз. Жақын күндері жаңа кинотеатрдың құрылысы аяқталды. Екі залдың әрқайсысына 107 адам сыйып, 2D және 3D форматтарында фильм тамашалауға мүмкіндік бар. Бұл ССКӨБ-тің Рудныйдың дамуына қосып келе жатқан сүбелі үлесінің тек бір парасы, – дейді ССКӨБ президенті Береке Мұхаметқалиев.
«Жомарт жүрек» мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі сарапшылар комиссиясына Қостанай облысы меценаттарынан 55 өтініш келіп түскен. Нәтижесінде аймақтың дамуына үлес қосып келе жатқан 5 үздік лауреат таңдап алынды.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓