Мұрат Кеңтонов – әлем чемпионы!
18-21 қараша күндері АҚШ-та дзюдодан ардагерлер арасында Әлем Чемпионаты өтті. Әлем біріншілігіне 63 елден 999 дзюдошы қатысты. Қазақстан құрамасынан 11 дзюдошы қатысып, ел намысын абыроймен қорғады. Атап айтқанда, жарыстың бірінші күнінде -100 келіде бақ сынаған Нұрлан Жарашуев үздіктер қатарынан көрініп, қола медальға ие болды. Әлем Чемпионатының екінші күнінде жерлесіміз Мұрат Кинтонов барлық қарсыластарын иппон әдісімен жеңіп, -100 келі салмақ дәрежесінде Әлем Чемпионы атанды.
Айта кетейік, 60 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан отандастарымыз Александр Кац мен 57 келіде белдескен Рыскүл Тыныбаева үшінші орыннан көрініп, ел қоржынына қос қола медаль салды.
Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 қола медальмен 63 ел ішінде 20-орынмен Әлем Чемпионатын сәтті аяқтады.
Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 қола медальмен 63 ел ішінде 20-орынмен Әлем Чемпионатын сәтті аяқтады.
Мұрат Кеңтонов – Қазақ елінің спорт әлемінде өз орыны бар азамат. Самбо, дзюдо күрес түрлерінен жақсы жетістіктерге жетіп жүрсе, қазақ күресінің әлем деңгейінен орын алуына аянбай үлес қосып жүрген жігіт. Мұндай азаматты мақтан етіп, "Арқалық қаласының азаматы" атағын беруге ұсыныс жасаймын.