Толағайда топ жарды

Спорттық сайыстың "Отбасымен біргеміз" деп аталуының өзі тегіннен тегін емес. Себебі іс-шараға
балалармен бірге ата-аналар да қатысты. 1-4 сынып бойынша төрт топ өзара сынға түсті. Әр команда өздерінің атаулары және ұрандарын айтып ортаға шықты. Қатысушылар сегіз түрлі сынақтан өтті. Нәтижесінде Сұңқар тобы – бас жүлдені, Барыс тобы – бірінші орынды, Тұлпар тобы – екінші орынды, Атамекен тобы – үшінші орынды иеленді.

– Іс-шараны ойын түрінде өткізу арқылы спортты насихаттадық. Негізгі мақсат – мектеп оқушыларын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Сондай-ақ ата-аналар мен балалардың арасын жақындастыру, – деді №9 мектеп бастауыш сыныптың тәрбие жөніндегі орынбасары Шолпан Жамантаева.
Қымбат
ДОСЖАНОВА
Суреттерде: Спорт сайысынан көріністер.
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.