Астананың атауы өзгеруі мүмкін

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларация қабылданды деп хабарлайды nur.kz.
Отырыста сенаттың 46, ал мәжілістің 105 депутаты декларацияны жақтап дауыс берді. «Сонымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы декларациясы қабылданды. Бұл еліміз үшін, соның ішінде, парламент үшін ерекше орын алатын маңызды құжат, маңызды шешім. Осы қабылданған декларация біздің тарихымыз және болашақ ұрпағымызға қалдыратын мұрамыз», – деп атап өтті мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін депутаттар бас қаланың атауын өзгерту жөнінде өз пікірін білдірді.senym-gramotasyДепутат Қуаныш Сұлтанов екі атаудың біреуі болуы мүмкін екенін атап өтті. Ол – "Нұрсұлтан" немесе "Назарбаев".
«Біз Конституциясына Астана атауына қатысты өзгерту енгізуді ұсындық. Ата Заңда өзгерістер болуы мүмкін. Осы сұрақтар жөнінде әлі ақылдасатын боламыз. Бас қаланың атауын "Нұрсұлтан" немесе "Назарбаев" деп атауға болады. Бұл халықтың ұсынысы. Біз бүгін декларацияда осыны бастама көтердік. Депутаттар оны қолдады», – деді ол.
Сонымен қатар, халық қалаулысы бұл бастаманың бұрында көтерілгендігін айтты.
«Бұл сұрақ осыдан 5 жыл бұрын ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өткенде көтерілген болатын. Менің пікірімше, Астанаға тұңғыш президентінің атауын беруге лайықты. Әлемде мұндай тарихи деректер кездеседі. Менің ойымша, халық бұған лайық», – деді депутат.
Сөз соңында парламенті мәжілісінің депутаты аталмыш мәселеге қатысты соңғы шешімді елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтатынын атап өтті. Сондай-ақ, депутат елордада Тәуелсіз Қазақстан монументін тұрғызу бастамасы қаралып жатқандығын мәлімдеді.
Айта кетейік, парламент палаталарының бірлескен отырысында Тәуелсіздік декларациясы қаралды. Маңызды жиынға жалпы 104 депутат, премьер-министрі, мемлекеттік хатшы, президент әкімшілігінің басшысы, Конституциялық кеңес, Жоғарғы сотының төрағалары, үкімет мүшелері қатысуда.

You may also like...

7 Responses

  1. Нагима айтты:

    Қарсымын!

  2. Сайлау айтты:

    Келіспеймін. Қайдағы Нұрсұлтан? Кезіндегі Қазақтың қамын соққан батырларымыздың атын береміз десеңдер ғана келісер едім. Нағыз ұсынғыш болсаңдар анау Петропавл, Павлодарды неге өзгертпейсіңдер? Осыдан Сол Астана Нұрсұлтан болып өзгертілсе, Нұрсұлтан көсеміміз ата-бабамызды аяқасты етіп өз қамын соққан жауыз деген атақ беремін. Болмайды олай. Астана Астана болып қалады. Астананың Нұрсұлтан болып өзгеруін қалайтындар ататектеріңді Нұрсұлтандікіне  өзгертіп алсаңдаршы оданда. Бұл не масқара.

  3. Marzhan айтты:

    Мен келіспеймін,Асатана ол Астана атымен қалады,рас елбасымыздың Қазақстан үшін көп еңбек сіңіргені белгілі,бірақ Астананы Нұрсұлтан деп атау жағымпаздардың шығарып жүргені.Көше берді,Назарбаев университеті бар,ескерткішін орнатты,енді басқа не керек осыдан,бәрі бірде Нұрсұлтан Назарбаевтан кейін болатын президент оны өзгертіп тастайды ғой

  4. Aisha айтты:

    Бұл жауапқа қосыламын. Астана сол АСТАНА күйінде қалу керек…

  5. Қанат айтты:

    Астана АСТАНА болып қалғаны дұрыс деп ойлаймын!!! Қашанғы өзгерте береміз(Орынбор,Қызылорда,Алматы,Ақмола,Целиноград,Ақмола,Астана)…Пайдасы да жоқ, құлақ үйренген ат жақсы.

  6. Murat айтты:

    Қазақтардың ең жаман қасиеті "жағымпаздық". Елорданың атын ары-бері өзгертетіндей ол ауылдың аты емес. Дүниежүзі мемлекеттерінің картасында Қазақстанның астанасы Астана деп берілген. Елорданың атын ауыстыра берсек  одан мән де кетеді, сән де кетеді. Сол үшін ауыстырудың еш қажеті жоқ.

  7. Серікболсын айтты:

    Қазақтардың ең жаман қасиеті "жағымпаздық". Елорданың атын ары-бері өзгертетіндей ол ауылдың аты емес. Дүниежүзі мемлекеттерінің картасында Қазақстанның астанасы Астана деп берілген. Елорданың атын ауыстыра берсек  одан мән де кетеді, сән де кетеді. Сол үшін ауыстырудың еш қажеті жоқ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓