Волейболдан жарыс өтті

Жақында Қостанай облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ қызметкерлері арасында Қостанай ауданындағы  "Астана" спорт кешенінде волейболдан мәрелік  жарыс  өтті. Волейболдан  үздік команда  атағын алуға 6 команда шықты. Сайыс 3 кезеңнен болды.
1145_4Шешуші үшінші кезең қортындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Барлық командалар жарысқа жақсы дайындықпен келіп, жеңіске деген құштарлықтарымен ерекшеленді. Күш-жігермен өткен әдемі ойында 1-ші орынды еңбекпен  Лисаков қаласы 18-МӨСБ жеңіп алды, екінші орын Қашар қаласы 13-ӨСБ, үшінші орын тұғырына Әулиекөл ауданы Аманқарағай кенті 1-ЖӨСБ көтерілді. Жеңімпаз командаларға кубоктармен грамоталар тапсырылды. Қостанай облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет подполковнигі Е.Ақдәулетов жеңімпаздарды құттықтады.
Қостанай облысы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық
құтқару жұмыстары қызметі" ММ баспасөз қызметі.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓