Басылымға жазылу күні өтті
Қазір баспасөзге жазылу науқаны өңірде қызу жүріп жатқаны белгілі. Облыстағы беделді әрі белді басылым өкілдерінің қатысуымен Федоров ауданында «Баспасөзге жазылу күні» іс-шарасы өтті. Әкімдіктің және «Қазпошта» АҚ аудандық байланыс торабымен бірлесіп ұйымдастырған бұл салтанатты шара өңірлік басылымдардың бағытын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылған еді.Әп дегеннен тартымды өткен мерекелік шараға халық көп жиналды. Әр басылым өкілдері викториналар ұйымдастырып, жазылушыларға өз басылымының тарихы, өткені, болашағы туралы әңгімелеп берді. Жиналған бұқара жұрт журналистерге сауал қойып, көкейде жүрген ойларын айттты.Іс-шара соңында олар өздерінің сүйікті басылымдарына жазылып, келер жылға журналистерден ойлы, қызықты айдарлар күтетінін, халықтың мұң-мұқтажын көрсетіп, мәселесін қозғайтын мақалалар санын арттыруды талап етті.
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.
Суретті түсірген Сергей Миронов.