Қыстың қамы жасалуда

Арқалықта қала әкімінің басшылығымен ауыл және ауылдық округ әкімдеріне, ЖШС  және шаруа қожалықтарының басшыларына өз қызметкерлері мен ауыл тұрғындарын қолжетімді бағада жем-шөппен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, Арқалық қаласында 370 ЖШС, ШҚ және ЖК тіркелген. Оның 122 – сі мал шаруашылығымен айналысады. Бүгінгі таңда Көктау, Жалғызтал, Екідің, Жалғызтал, Қайыңды, Целинный, Аңғар, Жаңақала ауылдарында шөп дайындау қызу жүріп жатыр. Ал, Родина, Фурманов, Восточный, Молодежный, Үштөбе, Арқалық қаласын мал азығымен қамтуды көршілес Амангелді ауданының кәсіпкерлері жүзеге асыруда. Атап айтқанда, Родина ауылдық округі мен Арқалық қаласына Амангелді ауданынан сатылымға 266 рулон, Ашутасты ауылынан 250 рулон және Үштөбе ауылының "Тәжібай" ШҚ – на140 рулон жеткізілді.
Молодежный ауылдық округінде шөп дайындаумен "Молдавская И" және "Дедков В" ЖК айналысады. Амангелді ауданының Байғабыл ауылынан 180 рулон және "Естек-1" ШҚ Ашутасты ауылынан 150 рулон – барлығы 100 тонна шөппен қамтамасыз етілді.
 Ашутасты ауылдық округі халықын "Естек-1" ШҚ жарылқап, 400 рулон әкелген. Сондай-ақ, Фурманов ауылына 250 рулон жеткізіліпті. Восточный, Фурманов ауылдарын жеке тұлғалар Р.Исмаилов, Е. Романчук және Ақмола облысының басқа да жеткізушілері қамтуда. Восточный ауылына 370 тонна, Фурманов ауылына 792 тонна шөп түсірілген. Қайыңды ауылдық округін малазықпен қамтамасыз ету үшін Амангелді ауданының "Аяп" ШҚ, "Мұса-Г" шаруа қожалықтарымен жер телімін беру туралы келісім-шарт жасалған.
Халық пен шаруа қожалықтарының қысқы мал азығын қамту жұмыстары жалғасын табуда.                 
Мұрат Жүнісұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓