Қазақ әндері әуеледі
Сарыкөл аудандық мәдениет үйінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өзге ұлт өкілдері арасында тұңғыш рет қазақ әндерінің фестивалі өтті.

«Менің елім – менің болашағым!» атты тақырыптағы шараға Чехов, Лесной, Тимирязев, Крылов, Сорочин, Краснодон, Комсомол, Весело-Подол, Севастопол сынды ауылдардан, аудан мектептері мен колледжден өнерпаздар қатысты. Олар патриоттық тақырыпта ән шырқап, сахналық мәдениет, әртістік шеберлік және дауыс ерекшеліктерін көрсетті. Сондай-ақ, өнерге, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын байқатты.


Руслан ӘЛКЕЕВ,
Сарыкөл ауданы