Қарқыны қатты «Қостанай минералдары»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында әлемді, тіпті, оның ішінде Қазақстанды да шарпыған қаржылық-экономикалық дағдарыс жағдайындағы мемлекеттің қауіпсіздігі мен ішкі тұрақтылығын қалай сақтау керектігі және халықтың әл-ауқатын қалыпты деңгейде ұстау қажеттілігін баса айтады. Себебі, Қазақстан басшысы көпшіліктің көкейіндегі түйткілді мәселелерді әрдайым дөп басып біліп, көріп қана қоймай, оларды шешудің амалдарын, инвестиция тарту бағытын айқындап отыр.0T9A0100Қазақстанның пайдалы қазбаларға өте бай мемлекет екені әмбеге аян. Қалай ойлап қарасақ та, біздің елмен алпауыт мемлекеттер әріптес болуға мүдделі. Шетелдік инвесторлардың көмегімен сүбелі бастамалар өз жемісін беріп келеді. Қостанай өңірінің даңқы астығымен, алтын, темірімен, машина құрастыру өндірісімен қазір еліміздегі алдыңғы қатарлы облыстардың қатарынан орын алады. Өнеркәсіптік индустрияны дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасының негізінде Қостанайдың инвестициялық белсенділігі жыл сайын арта түсуде. Бұл бағдарлама ресурстық секторларда өнім өндірудің сапасын жақсарту, Кедендік Одақ, Қытай, Орта Азия елдері мен Каспий маңы елдері нарығына қол жеткізу тәрізді мүмкіндіктерді өз пайдасына шешпек.0T9A9951Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына орай Жітіқара ауданындағы «Қостанай минералдары» АҚ өткен жылдармен салыстырғанда хризотил асбесті өндіру қарқынын ғаламды шарпыған қаржы дағдарысы салдарынан азайтып алса да, әлі де мығым отыр. Елбасы Н.Назарбаев Қостанайға келген таяудағы сапарында «Қазақстанның асбест қорының 100 пайызы Қостанай облысында» деп аталған шикізат қорының қаншалықты өндіріліп жатқандығына тоқталған еді.
Шындығында да, Жітіқара жерінен өңделіп, өндірілетін бұл шикізаттың табиғи ерекшелігі дүниежүзінде үлкен мәнге ие. Міне, сондықтанда болар, әлемдегі қанша қаржы дағдарысы белең алса да сұранысқа ие шикізат қорын өндіру әлі де бәсеңсімей келеді. Бұл әрине, мемлекеттік инвестициялық бағдарламалардың берген нәтижесі. Жаңа бағдарламаның басты мақсаты – әртараптандыру мен өндіру саласындағы мемлекет бәсекелестігін арттыру.
Белгілі мамандардың мәліметіне сүйенсек, инвестицияны мол мөлшерде тарту арқылы ғана екінші бес жылдықтың екпінін сезінуге болады. Екінші бес жылдық не береді, алғашқысынан қандай айырмашылығы бар? Мемлекеттік бағдарламадан ұққанымыз – индустриялды-инновациялық дамудың негізгі алты бағыты жұмыс істейді. Бұл бағыттардың өңірімізде қалай жүргізілетініне сәл тоқталсақ. Дамудың бұл кезеңінде өндірістік салаға ерекше көңіл бөлінбек. Соның бірі әрине, шикізат. Мамандар біздің өңір үшін өндірістің төрт ұтымды түрін алға таратады: металлургия, көлік құрылысы, азық-түлік өндірісі мен құрылыс материалдарын шығару. Аталған бағыт қазір айқын. Тек соны тиімді дамытудың жолы керек.
Әлгінде біз әңгімелеген хризотил асбесті негізінен машина, авиация өндірісіне, құрылыс және жол төсемдеріне пайдаланылады. Мұны ескеріп отырған кәсіпорын нарық сұранысына сай шикізат экономикасын бағдарлама бағытына байланысты әртараптандырып, табысты көрсеткішке қол жеткізуде. Соның нәтижесінде жол құрылысына өте қажетті асфальт-бетондық аралас қоспаны, жол сапасын одан әрі күшейтетін «EcoTop» деп аталатын үстеме қоспаны, минералды әмбебап ұнтақты және қиыршық тасты нарыққа әкелді. Әрине, бұл өнімдер жол жөндеу құрылысында жаңалық болмауы мүмкін. Бірақ, отандық өнімнің аты –отандық өнім.  Оны өзге елден қыруар қаржы сатып алғанша, өз елімізде өндірген экономика үшін әлдеқайда тиімді.
– Ертеректе жол құрылысына қажетті өнімдердің барлығын ресейліктер өндіретін. ТМД елдерінің көбісі сол жақтан таситын. Ал, қазір өзіміз шығарамыз. Жол құрылысына қажетті басқа материалдарға қарағанда хризотил-асбест талшығының сапа жағынан бәсі әлдеқайда жоғары,– дейді «Қостанай минералдары» АҚ-ның басқарма төрағасы Ербол Нұрқожаев.0T9A6678Кәсіпорын өнімдерінің ішіндегі жол құрылысына пайдаланатын бұл шикізаты биылдан бастап нарыққа жол тартты. Кейбір мамандар «EcoTop» үстеме қоспасының артықшылығын айтып, бағасын беруде. Талшық жолға төселген қиыршық тасты мықтап бекіте түседі-міс. Минералды сапалы талшығы бар берік жол зеңге шірімейді әрі шамалы ыстық пен суыққа төзімді. Үстеме қоспаны пайдаланған жолдар 5 жылдан 25 жылға дейін өңін бермейтін көрінеді. Қазір тұтынушыға бағасы да қолжетімді.
– Инвестиция тарту арқылы бірте-бірте нарықты игеріп келеміз. Алдағы екі жылдың ішінде тұтынушылар қатары арта түсетін тәрізді. Өндіріс қуаты да көңілден шығып отыр. Жылына 8 мың тонна «EcoTop», 30 мың тонна минералды ұнтақ өндірілмек. Ал, жаңадан ашылған асфальтбетон зауыты сағатына 90 тонна  өнімді өндіру қуатына жетті,– деді кәсіпорын басшысы Ербол Нұрқожаев.0T9A9886Өндірісті әртараптандырып, экономиканы алға жылжыту үшін жасалып жатқан жоғарыда біз әңгімелеген бағдарламаның өңір үшін берер пайдасын осыдан-ақ көріп, аңғаруға болады.
Елбасы өз сөзінде ел көлемінде ашылған өндіріс ошақтары жұмыстарын тоқтатпай, сапалы өнім шығару керектігін ескерткен еді. Ал, шетелдік әріптестер зауыттарды ашуға жәрдемдесіп қана қоймай, өнімдердің нарықтағы өтімділіктерін де назарларынан тыс қалдырмау қажеттігін айтқан. Міне, соны ескеріп отырған Үкімет шетелдіктермен қатар, отандық  инвесторларға да барлық мүмкіншілікті тудырып отыр.
«Қостанай минералдары» АҚ сондай-ақ, нарыққа құрғақ құрылыс қоспаларын, құм, полимер-құм бұйымдарын ұсынып келеді. Бір ғана асфальтбетон зауытын ашқанда қаншама маман тартылды. Болашаққа бағыт, жоспар қойса, ізденіп еңбек етсе, мемлекет қолдауын тиімді пайдаланса, өндіретін табыс қуатын арттырса, қай кәсіпорын да алға дамитыны белгілі.
– Аталған зауыт нарыққа жол тартты. Кәсіпорынның екінші тынысы ашылды. Қиыршық тас өндіретін уатқыш-іріктеу желісі іске қосылды. Қызметшілер қатары көбейді. Бұл әрине, Тәуелсіздіктің 25 жылдығының нәтижесі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясаткерлігінің айқын дәлелі,– деді Ербол Нұрқожаев.
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ
Суреттерді түсірген автор.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓