Көрсеткіш көңіл көншітеді

Қарасу ауданының әкімі Виктор Ионенко өңірлік БАҚ өкілдерімен өткен брифингте ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 9 айдағы қорытындысын жария етті. Безымянный
Аудан тұрақты дамып, алға ілгерілеп келеді. Биылғы бюджет кірісі 107,70%-ға шақ болып, өткен жылғыдан 4,5 млн теңгеге асып түскен. Өңірге тартылған инвестиция көлемі – 1 млрд 178 млн теңге. Бұл көрсеткіштен әр саладағы ахуалды тани беруге болады. Дей тұрғанмен, шаруашылықтың негізгі өзегі саналатын аграрлық сектордағы жағдай осы жылы тұтас облыс бойынша оңды болған жоқ. Жылда астық жинаудан алдыңғы орындарды бермейтін өңірде де шығымның мардымсыз болғаны рас. 34 ЖШС, 341 шаруа қожалығы бар аудан 671,5 га аумақтан жалпы көлемі 620 мың тонна өнім алды. Биыл техника базасын жаңартуға жылдағыдай ден қойылып, 3 млрд теңгеге 81 заманауи техника сатып алынған.
Мал шаруашылығында жаңалықтар аз емес. Салаға цифрландыру үрдісін енгізу сәтті жүзеге асуда. Биыл бір ғана "Сыбаға" бағдарламасы аясында 780 бас ІҚМ сатып алынған. "Еңбек" бағдарламасы бойынша қарасулықтар үшін қарастырылған 129 млн теңгенің 95%-і игеріліпті. Қысқа қайырғанда, аудан ауыл шаруашылығына қолдау көрсетуге арналған бағдарламалардың белсенді қатысушысы. 
"Ауданда құрылыс жұмыстарының да қарқын алғанын айта кету керек. Оған жалпы сомасы 1 млрд 817 млн теңге салынды. Тұрғын үй құрылысы 4,3% өсті, – деді В.Ионенко. – Автожол жөндеу жұмыстарына да аз күш салынған жоқ. Биыл облыстық, аудандық, жергілікті маңыздағы 42 шақырым жол жөндеуден өтті. Оған жұмсалған қаржы көлемі – 1млрд 558 мың теңге. Алдағы жылы амангелді, Комсомол. Новоселов ауылдарының жолдарын қалпына келтіруге 780 млн теңге жұмсалмақ. Бұған қоса, орталықтандырылған ауыз сумен қамту да сәтті іске асты. 860 млн теңгеге Челгашы ауылына су құбыры орнатылды. Сондай-ақ, Қарасу, Восток ауылдарында да осындай шаруа биыл қолға алынды". 
Азаматтарды әлеуметтік қорғау аясында, 20 отбасыға тұрақты жәрдемақы төлеу үшін 52 млн теңге жұмсалған. Аудандағы Мекенжайлық әлеуметтік көмекке мұқтаж деп танылған 367 отбасының 328-і мемлекет қолдауына қол жеткізе алды. 
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған шараларға қарасулық қалталы азаматтар биыл 670 млн бөлген. Осы қаражат құйылған жобалар ішіндегі ірілерінің бірі – құны 195 млн теңгелік Спорт кешені құрылысы. Мұны "Қарасу астық" ЖШС салып берген. Сол арқылы 25 жұмыс орны ашылыпты. 
"Біз "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасына енген 5 ауданның біріміз. Осының аясында 5 әлеуетті нысанымыз үшін 500 млн теңге бөлінді. 419 млн теңгеге конкурс жариялап отырмыз, оған мектептер, мәдениет үйлері, аурухана және 66 млн теңгесіне автожол жөнделеді деген жоспар бар", – дейді аудан әкімі.
Айта кетейік, биыл Қарасу ауданының құрылғанына 80 жыл толған еді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓