Көшелеріміздің аты да қызық: Целинная, Степная, Озерная…

Кезіндегі отарлау саясатының  кесірінен  тарихи  мағынасынан  айырылып, орысша атауға ие болған елді мекен, көше аттары туралы айтылып та, жазылып та жүр. Әсіресе еліміздің солтүстік аймағында бұл мәселе  күрделі  екендігі мәлім. Мә-селен, Арқалық қаласы мен оған қарасты елді мекендерді алып қараңызшы. Кезінде Арқалық облыс орталығы болды.
көше-атауы
 Бұл жерден бокситтің мол қоры табылған соң қала салу үшін Ригадан құрылысшылар отрядтары, одақтас елдерден қала салушылар легі келе бастады. Кейін Тор-ғай тыңын игеру үшін Ресей, Белорусь, Украинадан мыңдаған отбасылар қоныс аударды. Сол уақыттары Арқалық қаласының маңындағы ауылдардың барлығы орысша атау-ға ие болды. Олар Родина, Новый, Водстрой, Дорожник, Олимпиский, Камышы елді мекендері мен Целиный, Восточный, Ковыльный, Фурманов, Молодежное деген егінді ауылдар. Аталған елді мекендер Кеңестік кезеңде салынғанымен Одақ тарап тәуелсіз ел болғалы 23 жыл өтті. Осы уақыт ішінде  біреуінің атын қазақшаламағанымыз қалай?!
Мен  өзім  Арқалық қаласына қа-расты Родина поселкесінің тұрғынымын. Поселкіге кіретін ұзын көше "Мир"  деп аталады. Сәл еніп барып солға қарасаңыз Энергетик көшесін көресіз. Одан әрі жүрсеңіз Севернаяға барасыз. Аралап жүре берсең алдыңнан Целинная, Степная, Озерная, Молодежная, Косманавты, Гагарин секілді көшелер көлбеңдей береді. Тіпті, Советская деген көшені де Родина поселкесінен табасыз. Советскаяға қатарлас көше сол советтің негізін қалаған Ленин атымен аталады. Ленинге деген құрмет біздің Родинада ерекше. Көшесі өз алдына, қалаға жарық тарататын "Горсеть" мекемесінің алдында еңселі ескерткіші қасқиып әлі тұр.
Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет атансақ та елді мекендер мен көше атауларының сол қалпы өзгеріссіз тұрғаны көңілге қаяу түсіреді. Мәселені шешуге міндетті жергілікті биліктің қанен-қаперсіз отырғанына таң қаласың.
Қалаға елімізге белгілі саясаткер Берік Әбдіғалиұлы әкім болып келгенде Родина поселкесіне осы жер-дің тарихи аты "Қызылқозы" атауын, Фурманов ауылына "Кейкі батыр" есімін  беру  туралы  сөздердің  болғандығын  естуші едік. Ол кісі қызметінен кеткеннен соң бұл жайлы естімейтін болдық.
Ұлтымыздың тарихына, өткені мен бүгініне қатысты мәселелерді дер кезінде шешуге келгенде құлықсыздық танытатынымызға қайранмын. "Жақсы  мен  жайсаңды  туған    Торғайым, Амангелді мен Кейкі, Ахмет пен Міржақып, Ғафу мен Сырбай өскен киелі жер", – деп бөскенде алдымызға қара салмаймыз. Іске келгенде жасқаншақпыз. Қалың қазақ отырып қаптаған орыс атауларынан әлі құтылмағанымыз ұят-ақ. Бұл  тек  Родина  поселкісіне қатысты жәйт емес. Қалаға қарасты өзге поселкелердегі жағдай да осы шамалас.
…Шіркін, біздегі елді мекендер мен көше атаулары қашан қазақшаланар екен…
 
Марат Қайсарбекұлы.
Родина поселкесі,
Арқалық қаласы.

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓