Кәмпит ішінен құрт шықты

Қостанай қаласының тұрғыны Марина Серова кондитерлік өнім ішінен құрт тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала тұрғыны бұл «тосын сыйды» әлеуметтік желі арқылы бөлісті. Ішінен құрт шыққан тәттілердің суреттері желі тұтынушыларын қобалжытты. 20171112092416«Осыған дейін кәмпиттердің арасынан түрлі нәрселерді тауып жатқандарға сенбейтінмін. Өздері салып, әдейі өндіруші тарапқа кері жарнама жасайтын шығар деп ойлап жүрдім. Ал енді бұл жағдай өз басымнан өтіп жатыр. Бұл аздай, менің балаларым осы «Коровка» кәмпитін үгітпей, тұтастай жеп қойды», – деп жазды Марина Серова.
Әлеуметтік желі оқырмандары кәмпиттерді дүкенге қайтарып беру керектігін айтады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓