Қостанай қоржынында – 5 медаль

Қарағанды облысында балалар, жасөспірімдер және ересек спортшылар арасында таэквондодан халықаралық турнир өтті. Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Қырғызстаннан мен Өзбекстаннан спортшылар келіп қатысты. Қостанай намысын арқалап барғандар арасында бес рудныйлық жеңімпаздар тұғырынан көрінді. taekvondo57 келі салмақ дәрежесінде Мақсатбек Әбдіуақитов және 73 келі салмақта Сергей Ивашкевич күміс жүлдегер атанды. Ал Сабыржан Оралов, Дінмұхаммед Жарылқасынов және Ксения Гильдт қола еншіледі. Жүлдегерлердің бәрі де Рудный қаласындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓