Жарты айға жуық демалыс
Қазақстандықтар желтоқсан айында 12 күн демалады. ҚР Тұңғыш Президентінің күні бейсенбіге түссе, 16-17 желтоқсан жұма мен сенбі күндеріне түседі. Заңға сәйкес, 17 желтоқсан сенбіден дүйсенбіге, 19 желтоқсанға ауыстырылады.
Ал 31 желтоқсан сенбіге түсіп тұр, сәйкесінше ол күн демалыс болып саналады. Осылайша қазақстандықтар Жаңа жылда 4 күн демалады. 1-2 қаңтар – мереке күндері, сондай-ақ, 3 қаңтар да демалыс болып есептеледі. Себебі 1 қаңтар жексенбіге түсіп тұр, сондықтан да ол күн 3 қаңтарға, яғни дүйсенбіге ауыстырылады.