Дәстүрлі веложарыс

Қостанайда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Ы.Алтынсариннің 180-жылдығына арналған велошеру өтті. Мақсат – бұқаралық спортты дамыту мен саламатты өмір салтын насихаттау. Аталмыш іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Б.Есімова, Білім басқармасының басшысы З.Бәйменова, Қостанай велоқауымдастығының төрағасы Б.Тибеев, мектептер мен колледждердің мұғалімдері, колледж студенттері және еріктілер қатысты.
Қостанай қаласының орталық алаңынан басталған велошеру 15 шақырымға жетіп, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы жағалауында (Гашек көшесінің бойында) аяқталды.
–Бұл велошеру Ел Тәуелсіздігінің мерейтойы мен ұстаздар күніне орай ұйымдастырылып отыр. Дәстүрлі  шараның өтуіне Қостанай велоқауымдастығы мұрындық болып, облыс әкімдігі қолдау білдірді. Мұндай ауқымды велошеру осымен екінші рет өткізіліп отыр. Алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткіземіз деген жоспар бар. Іс-шараға шамамен 300-ге жуық адам қатысты, – дейді аймақтық дене шынықтыру және спорт орталығының директоры Қуаныш Бимурзин.
Қатысушылар жарыста барын салды. Шашасына шаң жұқтырмаған шабандоздар белгіленген шақырымды айналып өтті. Сондай-ақ, велошеру аясында Ы.Алтынсарин кесенесіне гүл шоқтары қойылды.
 
 
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓