Маңызды нысан жөндеуден өтуде

«ССКӨБ» АҚ мен Қостанай облысы әкімдігі арасындағы меморандумға сәйкес Соколов су жинағышындағы жөндеу жұмыстары биыл да жалғасын тапты. 1968 жылы комбинаттың дренажды суын сақтау мақсатында салынып, пайдалануға берілген стратегиялық маңызы зор нысан осы уақытқа дейін әбден ескіріп, қараусыз қалған еді. Енді оның бойына қан жүгіретін болды.ZFV_1779
Бүгінде кеншілер шаһарының барлық тұрғын үйлері, өнеркәсіптік және басқа да нысандардан келетін қалдық су «Рудный су арнасында» биологиялық және химиялық тазартудан өтіп, залалсыздандырылады. Кейін құбыр арқылы Соколов су жинағышына жіберіледі. Сондықтан мамандар, бұл жердің жұмысы тоқтап қалса, қала мен өнеркәсіптің өмірі де тоқтап қалатындығын айтады. Соколов кенішін де су басып, адамдардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін.ZFV_1770
Су жинағыш пен Васильев буландырғышына дейінгі құбырдың ұзындығы 9600 метрді құрайды. Оның 4100 метрі жердің үстіңгі қабатынан өтетіндіктен, коррозияға ұшырап, 90 пайызға шіріген болатын. Енді кен алыбының қаржылай қолдауы арқасында бұл нысанды мердігер компания – Механикаландыру басқармасының мамандары күрделі жөндеуден өткізіп жатыр.
– Құрылыс жұмыстары 2015 жылы басталды. Ол жылы 2 шақырым 45 метр құбыр ауыстырылып, 100 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Биыл болса, 50 миллион теңге игеріліп, диаметрі 630 мм келетін ұзындығы 861 метр жаңа құбыр төселді, – дейді «ССКӨБ» АҚ Экология және жер қойнауын пайдалану департаментінің бас гидрогеологы Владимир Теклюк.ZFV_1777
Соколов су жинағышында 2,6 млн текше су бар. Оның көлемі артып кетпеу үшін сорғылау стансасы үнемі жұмыс істеу тұруы қажет. Мамандар бұл нысан қала балансына өткеннен кейін де жұмыстар өз жалғасын тауып, сорғылау стансасы мемлекеттік бюджеттің есебінен күрделі жөндеу көретіндігін айтады.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ,
Рудный қаласы
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓