Жас қолөнершілер бақ сынады
Жітіқара. Таяуда ауданда қолөнер, көркемсурет және декоративті жас өнер шеберлерінің V облыстық «Жас толқын – 2014» байқауы өтті. Өңіріміздің әр түкпірінен жиналған талантты жастардың туындылары ұсынылып, «Шөлдегі керуен», «Ауылдағы кеш» шығармалары жоғары бағаланып, балшықтан жасалған басқа бұйымдар да көрерменнің көңілінен шықты. Аталған туынды авторлары бағалы сыйлықтармен марапатталды.