Кейуана өрт құрбаны болды
Оқиға 15 қарашада Рудный қаласында болған. Таңғы сағат 8.00 шамасында өрт сөндірушілер Ғарышкерлер даңғылындағы №6 үйге жетеді. Пәтерден қою түтін будақтап шығып жатқан.
Үй ішіне енгенде диван өртеніп жатқан, ал оның үстінде адам денесі болыпты. Марқұм осы үйдің 79 жастағы иесі болып шықты.
Өрт сөндірушілер оқыс жайттың нақты себебі анықталмағанын айтады. 79-дағы кейуананың төсекте жатып темекі шегуі қисынсыз, сонымен бірге мүрде маңында ешқандай электр құрылғылары болмаған.
Аталмыш дерекке қатысты материалдар Рудный қаласының ІІБ-на берілді.