Психологиялық көмектің де маңызы зор

Үлкен қайғы келген кездерде адамдарды дәрменсіз, әлсіз, үрей мен бірдемені өзгертуге қауқарсыз сезімі жайлайды, оларға шұғыл психологиялық көмек аса қажет.
27 шіледе сағат 18:00-де  Екатеринбург – Алматы тас жолының 391 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Жолаушылар автобусы мен жүк автокөлігі (фура) қақтығысты. Автобуста 44 жолаушы (соның ішінде ҚР азаматтары – 29 адам, РФ азаматтары – 14 адам, Тәжікстан азаматы – 1 адам) болды, жүк автокөлігінде 1 адам (жүргізуші). ЖКО нәтижесінде 37 адам зардап шекті, олардың алтауы қаза болды.
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Облыстың барлық жедел қызметтері бәлеге ұшыраған адамдарға көмекке келді. Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментімен қайғылы оқиға орнына арнайы техника, құтқарушылар, психологтар жіберілді.
Зардап шеккендер мен қаза болғандардың туысқандарына және Қарабалық ауданының Орталық аудандық ауруханасындағы зардап шеккен азаматтарға шұғыл психологиялық көмекті «Қостанай облысының ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ бас маман – психологы а/қ капитаны А.Т. Оразалина көрсетті. Онымен барлығы 12 азаматқа психологиялық көмек көрсетілді.
Дәл осы уақытта Қостанай облысының ТЖД басшылығымен Қазақстан, Ресей және басқа елдердің азаматтары моральдік-психологиялық көмек, сонымен бірге туысқандары мен жақындары туралы ақпарат ала алатын «Қызыл желі» телефоны жұмысын ұйымдастыру шешімі қабылданды. «Қызыл желі» тәулік бойы жұмыс істеді. Психологтарға көмекке ҚР ІІМ ТЖК Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы мен «Қостанай облысының ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ дәрігерлері де жұмылдырылды. «Қызыл желі» телефоны жұмыс істеген аралықта 61 қоңырау келіп түсті, соның ішінде 32 Ресей Федерациясы азаматтарынан. 7 азаматқа психологиялық көмек көрсетілді, 54 адам ақпарат алды.
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Террористік акті немесе көлік апаты, жақын адамынан кенеттен айырылу кезінде апат, оқыс оқиғаны, адам өлімін басынан өткерген не куәгер болған адамдардың 50-70% посттравмалық күйзеліске шалдығуға душар екені белгілі. Жан ауыртатын оқиғалардың әсері адамдарда қорқыныш, үрей сезімі, бастан кетпейтін естеліктер немесе оқиға туралы ойлар түрінде пайда болады, оған өз назарын жиюға қиын келеді, ұйқысы бұзылады, зейіннің бұзылуы тіршілік қарекетінің барлық саласында – әлеуметтік, жеке тұлға ретінде, еңбекте және т.б. бұзылуға әкеліп соғады.Старков П.И.
Сондықтан «Қызыл желі» телефоны жұмысының аяқталуымен де Қостанай облыстық ауруханасына және Қостанай көз емдеу ауруханасына жатқызылған зардап шеккендермен психологтар жұмыс істеді, онда 12 адам қажетті психологиялық көмек алды.
 
Қостанай облысының ТЖД
аға инспектор-психолог
азаматтық қорғау аға лейтенанты
Қабжанова Шолпан
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓