Пәтер өртке оранды
Рудный қаласындағы көпқабатты үйден өрт шығып, 10 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Алдын ала болжам бойынша, тілсіз жаудың басты себептерінің бірі темекі тұқылы болуы ықтимал.
(Сурет ТЖД-нің баспасөз қызметінен алынды)
Оқиға Ленин көшесіндегі 177-ші үйде болған. Куәгерлердің айтуынша, сағат 11:40 шамасында пәтерлердің бірінен түтін шыға бастапты. Өрт шыққан үйге ТЖ қызметінің құқтақрушылар дереу жетіп, 10 адамды қауіпсіз жерге жеткізген. Сондай-ақ, 41 жастағы ер кісі мен 61 жастағы әйел адамды құтқарды. Бұл кезде екеуі де мас болған.
– Өрт кезінде екеуі де мас күйде болған еді. Ер кісінің денесінің 20 пайызын күйік шалған. Ал әйел адамға қатысты әлі еш ақпарат жоқ. Қазір екеуі де ауруханада жатыр,-дейді Қостанай облысының өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ТЖД-нің баспасөз хатшысы Данияр Исмайлов.
Өрттің нақты шығу себебі әзірше белгісіз. Бірақ, мамандар темекі тұқылынан болуы әбден мүмкін дейді. Тілсіз жаудың салдарынан пәтердегі дүние-мүлік, қабырға тегіс өртеніп кеткен.