Корей өнерпаздары Қостанайға келді

Қостанай қаласына Оңтүстік Кореядан, Имшиль ауылынан дауылпазда ойнайтын өнерпаздар келді. Олар Қазақстанға мұнымен үшінші рет келіп отыр. Бұған дейін Астана және Алматы қалаларында болған еді. Кореялық барабаншылар Ресей, Қытай, Жапония, Америка, Камбоджия, Ветнам сынды ірі мемлекеттерді де аралаған.
Кореяда музыканттарды шет елдерге жіберіп, тәжірибе алмастырып отыратын 100-ге жуық ұйым жұмыс істейді. Негізгі мақсаттары – көнерген ескі әуендерді жаңартып ойнау.поолол
Қостанай қаласына келген қонақтар Чве Хо Ин және О Чжин Гиль.  Чве Хо Ин мырзаның негізгі мамандығы – экономист. Музыкамен айналысып жүргеніне 25 жыл болыпты. Ол Чангу, пук, аспаптарында ойнайды. Чжин Гиль мамандығы – инженер. Музыкамен 15 жылдан бері әуес. Ол Чжин аспабында ойнайды. Музыканттардың мамандықтары басқа болса да, барабанда жақсы ойнайды. Кореялықтардың өнерлері тыңдармандарға да, көрермендерге де жақсы әсер қалдырды. Әрбір әуеннің тарихы бар. Мұндай әуендерді кореялықтар егін бітік шығып, қамбалары астыққа толғанда ойнап, табиғатқа деген ризашылықтарын білдіреді екен.  Ал қысты күні бір біріне құрмет көрсетіп, 15 күн бойы әуендетеді. Негізгі әуендері Нонак, Пансори деп аталады.Безымянный
-Сіздерде жолда жүру ережесі қатаң сақталады екен. Көлік жүргізгенде асықпай, байыппен жүргізеді. Қостанайда тұратын адамдар еңбекқор, үлкенге құрмет көрсете білетін жандар екеніне көзіміз жетті. Қостанайлықтардың есту қабілеттері өте жақсы. Әуенді бірден естіп, ұғып алады. Егер келісімдерін берсе, Кореяға алып кеткіміз келеді. Өнерді сыйлай біледі. Бір «әттеген-ай» дер тұсы дүкендерді шет елден келетін қонақтарға түсінікті тілде жазса дейміз. Дүкен іздеп түрлі жерлерге кіріп кеткен кезіміз болды,- деді шетелдік қонақтар.
Кореялық қонақтарға қазақтың еті мен қымызы қатты ұнапты.
Алмагүл ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
 ҚМУ-дың 3-курс студенті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓