Ат жақсысы – бозы, ит жақсысы – тазы
Ит жүгірту – қазақтың ой баптау, құс салу сияқты көне замандардан келе жатқан дәстүрлі өнері. Аңшы иттердің ішінде қазақ тазысы өзіндік орны бар айтулы тұқым. Еліміз егемендік алғалы әр аймақта тазы асырап, аң аулау үрдісі жаңғырып келеді.
"Тазы" атауы парсы тілінен аударғанда "таза" деген мағынаны білдіреді. Қазақы тазылар тау тазысы және дала тазысы деп бөлінген. Көшпенді қазақтарымыз осы иттерді ғана ұстаған, қалған иттер көшке ілесе алмай қалған. Барлық сыннан осы екі ит қана өткен, қалған иттерді арамтамақ деп ұстамаған екен.
"Тазы" атауы парсы тілінен аударғанда "таза" деген мағынаны білдіреді. Қазақы тазылар тау тазысы және дала тазысы деп бөлінген. Көшпенді қазақтарымыз осы иттерді ғана ұстаған, қалған иттер көшке ілесе алмай қалған. Барлық сыннан осы екі ит қана өткен, қалған иттерді арамтамақ деп ұстамаған екен.
Кейбір тазылар әлді болса да шабандау келеді, қасқырға жете алмайтындары да бар. Демек, қасқыр алатын тазы жүйрік болуы керек. Рас, кейбір әлсіз иттердің өзі қасқырды дамылсыз жұлқылап, иесі жеткенінше жібермейтіндері де болады.
Тазылар әлбетте аңнан қоян, түлкі, қасқырдан басқа, қарсақ, суыр, борсық, тіптен үлкен аңдарды – тауешкі, елік, қабан, сайғақ алады.
Адамның басына қонған құт пен шаңыраққа келген ырыс ит болып келеді. Жаңа үйленген жастарға үбірлі-шүбірлі, дені сау болсын деген ырыммен жас келіннің көйлегінің етегінен итке жем бергізеді. Аяғы ауыр әйелдерге итке "кет" деп айтуға тыйым салынған.
Күшік күнінен асырап баққан итін кім өлімге қияр дейсің. Ит өлтірген мұсылман қажыға баратын құқынан айырылады деген қағида бар. Итті қорлап, азаптап, мазақ еткен адамның басына жаманшылық әкеледі дейді. Итті атып өлтірген адам" иттің қарғысына" қалады, ұзақ жасамайды, кедейленіп, жоқшылықтың қасіретіне ұшырайды делінген.
Осы жерде бір мысал келтіретін болсақ: Атақты жүйрік аттарымен қоса тазы иттер де ру мен ел арасындағы келіспеушілікке себеп болған. "Кенесары хан қырғыздармен алғашқы ұрыстардың бірінде Ақыртөбе деген жерде Бүрге батырдың Қалша деген ұлы бастаған 700 жігітін жеңіліске ұшыратып, Қалшаны тұтқынға алады. Қырғыздың Солты, Сарбағыш, Құсшы рулары кеңесіп, Қалығұл батырды басшы қылып, елші жібереді. Кенесары әрі-бері ойланып: "Мақұл, мен Қалшаларыңды босатып берейін, сендер Солты Есқожаның баласы Баястанның Көкдауыл деген тазысын беріңдер,- дейді. Сол уақыттарда Көкдауыл қасқырларды оңай олжамен алатын, қазақ-қырғызға аты шыққан ит болса керек.
"Ат жақсысы – бозы, ит жақсысы – тазы" деген екен атам қазақ. Міне, сондықтан да ағайын, сөздің түйінінде айтқымыз келгені ата – бабаларымыздан қалған мұрамызды жоғалтпауға тырысайық.
Жұлдыз БЕРМАҒАНБЕТОВА
Әлемдегі ең асыл тұқымды иттің бірі-тазы дейді. Сонда ең жақсы болып тағы қандай ит саналады. Мысалы маған овчарка ізшілдігі, иісшілдігі,бқрібасарлығы үшін ұнайды. Бірақ оның кемшілігі -жауыз, тым қызылжанды сосын ашуланса иесін жаралау, өлтіру түк емес.Меніңше тазы-әлемдегі ең жақсы ит.