Байқау мәреге жетті
Жылдың басында газет ішіндегі «Сән мен сымбат» беті қыздар арасында «Үздігін таңда» деген атаумен үздік образ, ерекше стильге байқау жариялаған болатын. Байқауға Қостанай облысының әр ауданынан, тіпті, Қызылорда облысынан әртүрлі жастағы арулар қатысты. Соның ішінен 12 қыздың суреті іріктеліп алынды. Жыл айрығында фотобайқаудың қорытындысын шығарып отырмыз. Қатысушылардың суреттерін редакция ішінен құрылған тәуелсіз сарапшылар бағалады. Жеңімпаздарға күміспен күптелген, ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдары сыйға берілді. Заманауи сәнді әшекейлерді ұсынған демеушіміз – Қостанай қаласындағы «Жемчужина нации» сауда бутигі.
1-орын Инабат Зулпыхарова есімді аруға бұйырды. Ол – Қостанай қаласындағы №115 мектебінің түлегі. Бүгінде Алматы қаласының студенті. Инабат гимнастика, домбыра, би үйірмелеріне қатысады. Бес жасынан бастап шашын өсіріп келеді.

2-орынды Гүлсезім Ақтасова иеленді. Ол – Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдаған. Бос уакытында эскиздер (əр түрлі жанрда: портрет, киім үлгілері, логотиптер) жасағанды ұнатады. Болашақта сəн индустриясы саласын таңдап, "мэйк-ап" жасаумен айналысқысы келеді. Жас маман Жанкелдин ауданында еңбек етуде.