Қыздар!

оиет 21. Пәк болыңдар!
    Пәк болу үшін сақ болыңдар!
2. Желпілдеген жеңілтек болмаңдар!
    Сабырлы, салиқалы, салауатты болыңдар!
3. Тамақты тарта ішіп, таразы боп өсіңдер!
     Бойларыңды тал шыбықтай солқылдатып, жаңа есілген қыл шылбырдай ширатып ұстаңдар, дене шынықтыруды дәстүрге сіңіріңдер!
4. Сұқ көзден, сұлу сөзден, орынсыз мақтаудан сақтаныңдар!
Абыройды аттаудан сақтаныңдар!
5. Көрсе қызар болмаңдар!
  Қол жетпеске тыраштанбаңдар!
  Сән деп шабылмаңдар!
 Сананы сәнге емес, сәнді санаға бағындырыңдар!
6. Ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар!
7. Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге саналы болыңдар!
(Ә.Нұршайықов).
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓