Қос жеткіншек құтқарылды

Қостанай облысында құтқарушылар Шортанды өзенінде суда батып бара жатқан жеткіншектерді судан шығарып алды
суОқиға  18 шілдеде  түскі сағат 13.00 – де болды. Үлкендердің қарауынсыз Шортанды өзеніне шомылып жүрген 12 және 13 жастағы екі жеткіншек суға батып кете жаздады. Балалардың шыңғырып көмекке шақырған дауысын естіген құтқарушылар лезде көмекке келеді. Қатты шошыған жеткіншектерді жағаға шығарып, естерін жиғызып, алғашқы медициналық жәрдем  де көрсетеді. Бұл оқиға жағажайда құтқарушылар кезекшілік етіп жүрген сәтінде болғандықтан балалардың аман-есен  құтқарылғанын айта кеткен жөн.
Мәселен, өткен апта ішінде судан құтқару қызметінің мамандары  батып бара жатқан 10  азаматты құтқарса, олардың ішінде 4-уі  жеткіншектер.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыстың тұрғындары мен  қонақтары суға шомыларда қауіпсіздік ережелерін барынша  сақтауға шақырады.
 
Мешіт Ғазиз

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓