Жаңа тағайындау

Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасовтың өкімімен Бекенов Арман Абдоллаұлы  облыстық  Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
арманБекенов Арман Абдоллаұлы  1976 жылы 20 шілдеде Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Өлеңді ауылында  дүниеге келген. Білімі жоғары. 
1999 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, инженер-механик мамандығын алды. 2012 жылы Рудный индустриалдық институтын аяқтаған.
2003 жылы Қостанай аудандық тұрғын үй шаруашылығы бөлімінде бас маман болып қызмет еткен.
2006 жыл ақпан айынан 2007 жылдары Алтынсарин ауданы Сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы,  кейін  басшысы болған.
2007-2008 жылдары Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
2008-2011 жылы  Қостанай ауданы Құрылыс бөлімінің және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы  болып жұмыс істеді.
2011 -2013 жылдары  Рудный  қаласы әкімінің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
2014 жылдың ақпанынан бастап қазіргі қызметке дейін Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімін басқарған.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓