Сергейдің серпінді сәттері

Біздің жерлесіміз әлемдегі ең үздік 200  ұстаздың бірі болды.
Елдің есінде қалу үшін, лауазымды  қызмет атқару шарт емес. Адамның өнегелі өмір жолының өзі уақыт өте келе  оның қандай екенін айғақтап береді. Ұдайы шығармашылық ізденісте жү-ретін Ы.Алтынсарин атындағы РӘГК-нің компьютерлік технология және арнайы пәндер оқытушысы Павлючков Сергейді қатарластарынан оқ бойы озық тұрғызып, дараландыратын қасиеті оның тынымсыз еңбек пен терең білімділігінде болар деп пайымдаймыз.
DSCN2654
Ол студент кезінен-ақ алғыр, шыншыл, талапты болып көзге бірден ілікті. Үлкен өмір мектебіне жан-жақты тәрбиелеп, сапалы білім нәрімен сусындата білген   ұлағатты ұстазы,  Алтынсарин медалінің иегері, М.С.Сәр-сенбаева: "Сергейдің  талпынысына таңғалмасқа амал жоқ. Ол –  өте сыпайы, ақылды,  жаңашыл, ізденімпаз, бәсекеге қабілетті интеллектуалды тұлға. Оның арынды ойы мен тілегі болашақта талай биік белестерді бағындыратынына сенемін", – деп өз ойын білдірді.
Көне заманның  ақылды адамдары "пенденің сыртқы пішіні мен ішкі дүниесінде қандай да бір ұқсастық болу керек "десе, ал  ғұлама Аристотельдің "Адамның бет-бейнесі оның ішкі күйін білдіріп тұрады" дегені ғылымда белгілі.Сергейдің де бет-пішіні оның жан-дүниесімен сабақтасып, әдемі үйлесімділік тапқандай. Оның кескін-келбетінен айналасына ақжарқын, досқа адал, асқан мейірімді, әр іске жауапкершілікпен қарап, соңына дейін тыңғылықты орындайтын еңбекқор екенін аңғаруға болады. Жас жігіттің  өн бойынан  үнемі қара- пайымдылық, кішіпейілділік, адам-ға деген мейірім шапағаты төгіліп тұрады. Оның өмірге деген адал махаббаты мен тек  жеңістерге ұмтылатын өр мінезі, ізденімпаздығы, намысшылдығы – бүгінгі жастарға үлгі. Себебі, Сергейдің өнер мен ғылымға деген қызығушылығы оның үлкен табыстар мен абырой, құрметке бөленуіне себеп болды. Еңбекке деген  ерекше ынтызарлық түптің түбінде биік белестерге жетелейтіні  сөзсіз. Атап айтар  болсақ, үстіміздегі оқу жылында "Білім берудегі әріптестік" атты Microsoft жаһандық форумына әлемнің 97 елінен 1100 үздік педагог пен мектеп өкілдері қатысып, өздерінің инновациялық білім жобаларын ұсынды. Халық-аралық дәрежедегі аталмыш білім додасына Қазақстан атынан қатысып, мерейі үстем    болған  Сергей Сергеевич  Барселонадан  керемет сезіммен  ора-лып, әріптестерімен қуана бөлісті.
Жаһандану дәуірінде еліміз-дің өркендеуіне талантты  жастардың саналылыққа бағыттал-ған белсенді қызметінің  маңызы зор.  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың үнемі  талантты, білімді жастарды қолдап, олардың бастамашыл істеріне серпін беріп отыратыны баршаға мәлім.
Тоқмейілсіп тоқтау, шаршап шалдығу, дандайсып мақтану – Сергейдің жанына жат қылық.
Атап өтер  тағы бір басты жәйт: Сергейдің  мемлекеттік тілге деген қызығушылығы, оның бос уақытында қазақша музыка тыңдап, тіпті әріптестерімен аздап болса да қазақша сөйлейтіні өз елінің патриоты екендігін аңғартады. Себебі қазіргі таңда қандас-тарымыздың туған тілінде шүлдірлеп, тілі күрмелген де,  Сергей сынды өзге ұлт өкіл-дерінің  мемлекеттік тілге деген  құрметі, үйренуге деген талпынысы көңілге қуаныш ұялатады.
"Сыйлы болғың келсе, сыйлата біл" демекші, Сергей ұжымға сыйлы, беделді. Оның жанында үнемі мына ғажайып  өмірге, сұлу өнерге ғашық адамдар жүреді. Өнертанушы   Е.Ысмайылов: "Шың талант иесі – өмірлік құбылысқа бейтарап қарамайды", –  деген екен. Ол рас. Себебі Сергеймен кез келген тақырыпта      риясыз әңгіме өрбітуге болады. Өйткені ол  көп біледі. Алыс және жақын шетел жаңалықтары мен егемен еліміздің саяси және мәдени өмірі оны бейжай қалдырмайды.
Ол бірнеше  музыкалық аспаптарда еркін ойнай біледі. Соның ішінде қазақтың қара домбырасы да бар. Тіпті, ойламаған жерден өткен оқу жылында өнерлі ұстаз колледж акт залында өзінің жеке концертін де  ұйымдастырып өткізді. "Егер адам талантты болса,онда ол барлық жағынан да талантты" деген ұлағатты сөз осы Сергей секілді сегіз қырлы, бір сырлы жандарға қарата айтыл-ғандай әсер қалдырады. Осы тұста Сергейдің әуесқой биші екендігін де айта кеткен жөн болар. Таяуда  ҚР Спорттық би федерациясы Қарағанды қаласында ұйымдастырған спорттық би сайысына әріптесі Н.С.Мазурова екеуі қатысып, жүлделі екінші орынды иеленді.
Сергей   үшін әр  жеңіс – көп ойлану мен терең ізденістің нәтижесі. Сондықтан да болар, колледж ұжымы оның әр сайыстан  әкелген толағай  жетістіктеріне, шексіз риза болып,  қуанышына әр кез ортақ болуға тырысады. Белгілі өнертанушы, педагог К.С.Станиславскийдің "Білім-деріңізді толықтырмаған әр күн – сіз үшін текке кеткен және енді қайтып оралмайтын күн деп есептеңіз" деген ұлағатты сөзін Сергей  өмірлі ұстанымына айнал-дырғандай. Олай болса, талантты жастың алар асулары көп бол-ғай!
 
П.Сүйінкина,
И.Жайлаубаева,
Ы.Алтынсарин атындағы  РӘГК-нің  оқытушылары.

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓