Шаңғы тебуден жарысты

Аудан мекемелері мен кәсіпорындары қызметкерлерінің IV спартакиадасы аясында шаңғы жарысы өтті. Оған бас-аяғы 7 команда қатысып, әйелдер 1000 м, ал ерлер 2000 метр қашықтықта өзара бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер командасынан бірінші орынды Гүлнұр Дүйсенова (Аудандық орталық аурухана), екінші орынды Таис Басистюк (Қарасу ауыл шаруашылығы колледжі), үшінші орынды Айнұра Қанапина (Қарасу орта мектебі) иеленді. Ал ерлер арасында жүлделі бірінші орынды Мейрам Саутпаев (Аудан әкімшілігі), екінші орынды Базарбай Қатпенов (Қарасу орта мектебі), үшінші орынды Дамир Төретаев (Қарасу орта мектебі) жеңіп алды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓