Гольфшілердің үздігі

Алматыда ҚР президентінің Кубогы үшін гольфтен турир өтті. Оған Қазақстаннан, Ресейден, Қызрғызстаннан және оңтүстік Кореядан 80 спортшы қатысты.гольф
Қостанай облысынан гольф спорт мектебінің тәрбиеленушілері – Марат Бағытжанов, Валерия Приходько, Илья Коречников және Темірлан Қайдар қатысты.
-Ауа райының қолайсыздығына байланысты біздің пойыз 6 сағатқа кешікті, ал қалаға келісімен кептеліске тап болдық, -дейді Марат Бағытжанов. – Бұдан соң жаттығуға барудың еш мағынасы болған жоқ, өйткені сағат 6 кездерінде күн батады. Бірақ бұл біздің жеңіске жетуге деген құштарлығымызға кедергі бола алмады. 
Турнир қорытындысы бойынша, "А" тобында И.Коречников 22 орын, Т.Қайдаров 17 орын алды. В.Приходько "С" тобында бесінші тұғырдан көрінді. Ал спорт шеберлігіне үміткер М.Бағытжанов "А" тобында топ жарып, бірінші орынды иеленді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓