Жеткіншектер жекпе-жекке шықты
"Қайрат" спорт кешенінде Каратэ до (WKF) спортынан қалалық ашық турнирі өтті. Арқалық қаласының 60 жылдығына арналып ұйымдастырылған жарысқа "Арқалық арланы", Астана қаласынан "Шығыс спорт мектебі" және "Фудзямо" каратэ үйірмесінің тәрбиеленушілері қатысты. Спорттың бұл түрі қалада жақсы дамып келеді. Шығыс жекпе-жегіне баулитын клубта елуге тарта жеткіншек жаттығады. Олардың жас ерекшеліктері 5 және 11 жас аралығында.
-Мақсатымыз – балаларды салауатты өмір салты ұстанымына баулу. Осы орайда тәжірибемізді шыңдап, астаналық әріптестерімізбен жиі жолдастық кездесулер өткізіп тұрамыз. Бұл істе Елорда төрінде жүрген жерлесіміз, белгілі жаттықтырушы Андрей Маклаковтың қамқорлығы өте зор, – дейді Бағылан Көкішев.
Жарыс жеңімпаздары дипломмен, медальмен марапатталды.