49 тонна ет экспортталды

Қарабалық ауданында 49 тонна ет Ресей нарығына экспортталды. Алдағы жылдары мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамыту жоспарланып отыр. Бұл туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ағыбай Бейсембаев айтты.DSCN1418Ауданда мал шаруашылығы саласын қолдауға арналған "Сыбаға", "Құлан", "Алтын асық" бағдарламалары жақсы нәтиже беруде. Бағдарламаны жүзеге асыруға арналған жылдық жоспар кестеге сай орындалуда.  Биыл «Терра» ЖШС-ның базасында 3000 басқа арналған бордақылау алаңы ашылды. Сол жерде ірі қараны бағып, семіртіп, етін шетелге өткізеді. Болашақта бордақылау алаңындағы мал басын 20 мыңға дейін көбейту мақсаты тұр. Бүгінде бордақылау алаңында 3700 бас ірі қара бар. «Агро-Торро» ЖШС-да мал соятын цех іске қосылған болатын. Аталған нысанды астаналық азаматтар жалға алып отыр.s-f732b9eb9f0a8b6bad5c6a327fb7e12d4db6cee3-Малдың санын көбейтіп жатырмыз. Ендігі жылдары экспортқа қой, жылқы етін шығарамыз деген ойдамыз.  2011 жылдардан бері ірі қараның «Абердин-Ангус» етті тұқымын көбейту қолға алынды. Абердин-Ангус асыл тұқымды ірі қара малын сатуға арналған алғашқы халықаралық аукцион 2015 жылы өткен болатын. Қазіргі күні етті тұқымды ірі қараның саны бес мыңнан асып кетті. Абердин-Ангус тұқымы жергілікті климатқа тез бейімделгіш,-деді Қарабалық ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекшісі Ағыбай Бейсембаев.shutterstock_31876828Қарабалықтың халқы мал шаруашылымен қатар ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен айналысады. Бүгінде аудан астық жинау науқанын аяқтады. Жергілікті диқандар 318 мың тонна астық жинады. Әр гектарына 15,7 центнер өнім алды. Техника жеткілікті. Орақ науқанында ешқандай қолбайлау болған жоқ. Бұл өңірде . 375 мың астықты сақтауға қауқарлы төрт элеватор бар.

Қымбат ДОСЖАНОВА
Қарабалық ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓