Бас жүлде алды

Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық ғылыми жұмыстар байқауында  қостанайлық авторлардың ұжымдық монографиясы Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Аталмыш сайыс ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған болатын.гран-при ультрабукМарапаттау рәсімі 7-қараша күні Астанада өтті. Оған Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының ғылыми-сарапшы тобының төрағасы және ғылыми жұмысты жазу барысында басы-қасында болған Әлімжан Бекмағамбетов қатысып келді. Монография Қостанай облысының материалдары бойынша дайындалған. Тақырыбы – «Актуальные проблемы межэтнических отношений: современное состояние и перспективы» деп аталады. Ал редакторы – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов. Редакция құрамында Гүлвира Құдайқұлова бастаған бір топ қостанайлық қоғам белсенділері бар.
Заң ғылымдарының кандидаты Әлімжан Бекмағамбетовтың айтуынша, байқауға 10 жұмыс түскен. Қостанайлық монографияны дайындауға шығармашалық адамдар мен мемлекеттік қызметішлер қатысты. Жұмыс 5 тарау, 31 параграфтан тұрады.
-Бұл жеңіс еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына қосқан баршамыздың үлесіміз, сыйымыз.  Ұжымның қол жеткізген табысы. Монографияда қызықты да қажетті материалдар топтастырылған,-деді Ә.Бекмағамбетов.


Қымбат ДОСЖАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓