Рой Джонс Рудныйға келеді

Рудныйда өтетін ауқымды іс-шараның арнайы қонағы әйгілі боксшы кіші Рой Джонс болмақ. Халық Майк Тайсонға жиі ұқсататын танымал спортшы, әрі орта, екінші орта, жартылай ауыр және ауыр салмақ дәрежелері бойынша алтын белбеу иегерінің жарыс жеңімпаздары үшін даярлап қойған тосынсыйы бар. Еске салайық, Рой Джонс кәсіпқой бокста 74 жекпе-жек өткізіп, оны 65-ін жеңіспен (47 нокаут) аяқтап, тек 9-ында қарсыласына есе жіберген.рой джонс
Топтың қазақстандық өнеркәсіптік кәсіпорындары жұмысшыларының арасындағы ERG Спартакиадасы тамыздың 14-і мен 17-сі аралығында Еуразиялық Топ құрамындағы «ССКӨБ» АҚ базасында өтеді. Рудныйға 600-дан астам әуесқой спортшы келмек. Олар – Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарындағы, Алматы, сондай-ақ Астанадағы Басқарушы компанияның, «Қазхром» ТҰК» АҚ, «ССКӨБ» АҚ, «Қазақстан Алюминийі» АҚ, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «ERG Services» АҚ, «Шұбаркөл көмір» АҚ, «3-Энергоорталық», «ТрансКом» көлік тобының командалары.
Айта кетейік, Спартакиаданың қатысушылары әуесқой спортшылар болғанымен айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген. Мысалы, Қазхром құрамасының мүшесі Айбек Шүкембаев ERG спорттық ойындарында кір тасын көтеруден үздіктердің қатарында, 2016 жылғы Әлем чемпионатының, ҚР Чемпионатының жүлдегері. Қазақстан Алюминийі командасының намысын дуатлоншы, құю-механикалық цехының слесар-жөндеушісі Валерий Долгошей қорғайтын болады. Оның қанжығасында облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда жеңіп алған 30-дан астам алтын медаль бар. Валерий 2017 жылдың желтоқсанында Astana Winter Marathon жарысында да қола жүлдегер атанды. Командалар өз чемпиондарын мақтан тұтады.
Төрт күн бойы металлургтер, кеншілер, энергетиктер мен шахтерлар волейбол, шағын футбол, баскетбол, кір спорты, үстел теннисі, жеңіл атлетика мен шахматта бақтарын сынайды.
Қызметкерлеріне қамқорлық пен саламатты өмір салтына деген оң көзқарас Топ қызметінің шешуші басымдықтарының бірі болып табылады. Сондықтан ERG Спартакиадасына қатысатын әрбір спортшысы халықтық «Сhallenge Сен өзгешесің!» акциясын қолдап, «Менің қолымнан келеді» атты өз акциясын бастап берді.
Назарларыңызға таңғажайып Ройдың үздік нокауттарын ұсынбақпыз. Тамашалаңыз!
 
https://www.youtube.com/watch?v=rK_hC-k-amU
 
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓