Дубайдан чемпион болып оралды

6 жастағы Рамзан Байдәулетов Біріккен Араб Әмірліктерінде ментальды арифметикадан өткен халықаралық жарыстан жеңімпаз болып оралды. Зерек балғын бұған дейін облыстық, республикалық бәсекелерде төрешілердің таңдайын қақтырған еді.вундеркинд
Жарыс Дубайда өтті. Кішкентай вундеркиндтің анасы Айгүл Аюпова айтқандай, ұғымтал ұл өз санаты бойынша алдына жан салмаған. Ол 8 минут ішінде 175 есеп шешіп үлгеріпті. 
"Ол жерде бірнеше қос таңбалы есептер болды. Ұлым бәрінің шешімін тапты. Сандарды заматта орынды-орнына қоя алды. Былтыр біз ментальды арифметика академиясына оқуға барған болатынбыз, міне, нәтижесі!" – дейді анасы.
Рамзан бүгіндері мектепалды даярлық сыныбына барып жүр. Ол Қостанайдағы жылдам оқу мектебін ойдағыдай аяқтады. Балдырған кәсіби түрде шахматпен шұғылданады, 3 разряд алып үлгерген. Анасы ұлының есте сақтау қабілетінің аса мықты екенін айтады.
6 жасар чемпионға Индонезияда өтетін жарысқа қатысуға ұсыныс түсті. Енді ол 2017 жылдың желтоқсан айында Бали аралына бармақ.
Рамзанның балалық арманы бар – Президент шыршасына қатысқысы келеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓