«Шырағын жаққан білімнің»

Міне, осындай тақырыпта  Қостанай қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің құрылымдық бөлімшесі №6 «Южный» кітапхана филиалында  Ұлы ұстаз Ы. Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына байланысты онлайн тәртібінде кеш болып өтті.DSCF7112-Қарап отырсаңыз, біздің өңірімізден  елімізге есімдері  танымал небір  Алаш тұлғалары, қайраткерлер, ақындар мен жазушылар, ғалымдар шыққанын білеміз. Қазақ халқының сондай абзал ұлдарының бірі – ағартушы, педагог, жазушы Ы. Алтынсарин атамыз. Біз кешімізді ақпараттық-медиа құралдарының көмегіне жүгініп,  облысымыздағы Ы. Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайымен бірлесе Қостанай қаласындағы индустриалдық-педагогикалық колледж студенттерін,  М. Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінің оқушыларын қатыстыра отырып өткіздік. Басты мақсатымыз – оқырмандарымызға ұстаз Ы. Алтынсариннің шығармашылығымен, өмір-тарихымен таныстыру. Еліміздің, мемлекетіміздің тариыхында алтын әріппен жазылатын осындай тұлғаларды тек туған, атаулы күндерінде ғана емес, былайғы күндерде де насихаттайтын кештер, кездесулер ұйымдастырсақ артық болмайды. Олардың өмірлері мен шығармалары келешек ұрпақққа үлгі, өнеге. Ұстаздың қай әңгімесін алмайық, барлығы да еңбекке, адамгершілік қасиеттерге, білім-ілім алуға үндейді,- деді кітапхана маманы Гүлнәр Қатова.DSCF7092Іс-шара барысында кітапханашы мамандар Ы. Алтынсариннің балалық шағы, Балғожа би туралы, қазақ балаларына мектеп ашу, оқулық жазғаны жайлы  деректер, суреттер келтіре отырып баяндап, медиа құралдары арқылы бейнекөріністер көрсетті.  Бүгінгі таңда  оқырмандарға құлаш-құлаш баяндамалар оқудан  гөрі, кітапхана ісіне қазіргі заманның осы тұрғыдағы құрал-жабдықтарын қолдану арқылы жаңаша кеш өткізу әлдеқайда тиімді, ұғынықты секілді, оқырмандар да  тақырыпты тануға, назар аударып қызығушылық танытады деп ойлаймыз.
-Ұлы ағартушы Ы, Алтынсариннің білім саласындағы еңбегі орасан зор.  Мәселен, өткен ғасырда  жастарымызға  экономика,  ауылшаруашылығы, қол өнері секілді кәсіптік мамандарды таңдау қажеттігін, сол кәсіп мамандар даярлайтын  училище ашу керектігін айтып кеткен.  Ы.Алтынсариннің  сол айтқандары  бүгінгі күнмен үндесіп тұр,-деді кітапханашы Елена Шибаева.DSCF7084Тағылымды, мазмұнды кеште  І. Омаров атындағы қазақ драма  театрының актері Қабдол-Мажит Сүндетұлы, М. Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінің 7 «б» сынып оқушысы Мәди Төкешевпен бірге Ыбырай Алтынсариннін  «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесін сахналады.  Ал, осы театрдың актері  Мейрам Жапаров болса оқырмандарға Ыбырайдың рөлінен монолог, кітапхана маманы  Мәдина  Сәрсенбаева өлең оқыды.
 Сол секілді  кешке жиналғандар онлайн арқылы Ы. Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайының, Ыбырай Алтынсарин атындағы көшенің ашылу тарихымен танысты.  Мұражайдың қызметкері  Жанагүл  Досжанова  сол секілді Торғайда ашылған  мектеп туралы, Ыбырай Алтынсариннің қолданған заттары мен «Құран» кітабы жайында әңгімелеп берді.
Кеш аясында «Дала жұлдызы – Ыбырай» атты көрме болды, кітапхана мамандары қысқаша шолу жасап, әңгімелеп берді. Көрмеге ағартушының көп томдық шығармалар жинағы, өлеңдері, әңгімелері және  Әнуар Дербісалиннің «Ыбырай Алтынсарин», «Жүз тұңғыш» атты кітаптары қойылды.  
 
Гүлназым САҒИТОВА         
 
 
 
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓